Понедельник, Декабрь 10, 2018
Басты > Жаңалықтар > ҰБТ-ның форматы

ҰБТ-ның форматы

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді.

  1. Қорытынды аттестаттау – мемлекеттік бітіру емтиханы.
  2. ҰБТ— жоғары оқу орындарына түсу емтиханы.

Білім алушыларды қорытынды аттестаттау

Білім алушыларды қорытынды  аттестаттау — тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін,  олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім.

Өткізу формасы: мектеп бітіру емтихандары.

Өткізілетін орны: түлек оқитын мектеп базасы.

Өткізу мерзімі: шамамен 29.05.2018 — 09.06.2018

 

  Пәндер Емтихан формасы Уақыты
міндетті 1 Ана тілі мен әдебиеті (оқыту тілі) Жазбаша — эссе 3 сағат
2 Алгебра және анализ бастамалары Жазбаша емтихан 5 сағат
3 Қазақстан тарихы Ауызша (билетпен) емтиханда жауап дайындау үшін білім алушыға кемінде 20 минут уақыт беріледі
     4

Қазақ тілі (орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытылатын мектептерде)

Орыс тілі (қазақ тілінде оқытылатын мектептерде)

Тестілеу 80 минут
таңдау 5 Физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шет тілі (ағылшын, француз, неміс тілі), информатика Тестілеу 80 минут

 Емтихандар жайлы қысқаша:

  1. Ана тілі мен әдебиеті — 10 тақырыптан біреуін таңдайды. Эссе 250-300 сөзден тұруы қажет. Эсседе оқушы тақырыпқа сай мәселе көтеруі, дәлелдер мен дәйектер келтіріп, өз пікірін, негізгі идеясын жүйелі түрде жеткізіп, ой түйіндей білуі қажет.
  2. Алгебра және талдау бастамалары — 5 тапсырмадан тұрады. Тапсырмалар математикалық фактілер, түсініктер және тәсілдерді меңгеру деңгейін, есеп пен логикалық тапсырмаларды шешу қабілетін, функционалдық сауаттылықты тексеруге арналған.
  3. Қазақстан тарихы — Билетте 3 сұрақ. Екеуі Қазақстан тарихының негізгі бөлімдерінен алынған теориялық сауал, 3-ші сұрақ шығармашылық тұрғыдағы тапсырма (карта, кескіндер, портреттер, хронологиялық кескіндерді пайдалану т.б.).
  4. Қазақ тілі (орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытылатын мектептерде) және орыс тілі(қазақ мектептерінде) — 40 тест сұрақтан, 3 блоктан тұрады:
  • Лексика-грамматикалық 20 тест тапсырмасы;
  • Тыңдалым 10 тест тапсырмасы (2 мәтін);
  • Оқылым 10 тест тапсырмасы (2 мәтін).

Таңдау бойынша 1 пәннен — Физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шет тілі (ағылшын, француз, неміс тілі), информатика пәндерінің біреуін таңдайды (қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық оқу бейіні ескеріледі).

Тест 40 тапсырмадан тұрады, оның ішінде: 20 берілген бес жауаптың ішінен бір дұрыс жауапты таңдауға; 20 берілген бірнеше жауаптың ішінен бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауға арналған.

****

Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ)

Ұлттық бірыңғай тестілеу — жоғары оқу орындарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны.

ҰБТ — ағымдағы жылы мектеп бітіруші түлектер үшін.

Өткізу формасы: тестілеу.

Өткізілетін орны: тест өткізу пункттері.

Өткізу мерзімі: Өтініш қабылдау — 10.03.2018 — 10.05.2018

Тестілеу — 20.06.2018 — 01.07.2018

Бақылаушылар: ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері.

Апелляция: қарастырылған.

ҰБТ форматы: 5 пән (3 міндетті + 2 бейіндік).

Барлық тест тапсырмалар саны  — 120

Тестілеудің жалпы уақыты: 3 сағат 50 минут (230 минут)

 

Тестілеу пәндері Тапсырмалар саны Тапсырмалар формасы
1 блок Математикалық сауаттылық 20 Берілген бес жауаптың біреуі  дұрыс
Оқу сауаттылығы

20

(4 мәтін)

Берілген бес жауаптың біреуі  дұрыс
Қазақстан тарихы 20 Берілген бес жауаптың біреуі  дұрыс
2 блок 1 бейінді пән 20 Берілген бес жауаптың біреуі  дұрыс
10 Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты
2 бейінді пән 20 Берілген бес жауаптың біреуі  дұрыс
10 Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты

 Жоғары балл саны: 140

Шекті деңгей балы: 50

Бейінді пәндер таңдайтын мамандыққа байланысты таңдалады

Шекті балды алмаған жағдайда, ақылы негізде оқуға түсу үшін тестілеуді қайта тапсыру қарастырылған (ағымдағы жылдың тамыз айы).

 

Бейінді пәндер комбинациясы
1 бейінді пән 2 бейінді пән мамандықтар саны
1 математика физика 52
2 математика география 18
3 биология химия 23
4 биология география 12
5 шет тілі дүниежүзі тарихы 9
6 география шет тілі 4
7 дүниежүзі тарихы Адам. Қоғам. Құқық 5
8 дүниежүзі тарихы география 7
9 химия физика 5
10 қазақ тілі / орыс тілі

 қазақ әдебиеті /

орыс әдебиеті

5
11 шығармашылық емтихан шығармашылық емтихан 34

Апелляция

Талапкер тест тапсырмаларының мазмұны немесе техникалық себептер бойынша тестілеу нәтижесімен келіспеген жағдайда апелляциялық комиссия төрағасының атына өтініш береді. Талапкердің өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты, тестілеуге рұқсаттамасы болуы керек. Апелляциялық комиссия түсушінің әрқайсысымен жеке жұмыс жасайды.

Апелляция мынадай жағдайларда қарастырылады:

      тест тапсырмаларының мазмұны бойынша:

1) дұрыс жауап дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келмесе (дұрыс жауаптың нұсқасы көрсетіледі);

2) дұрыс жауап болмаса;

3) берілген бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмаларында бірден көп дұрыс жауап болса (дұрыс жауаптардың барлық нұсқалары көрсетіледі);

4) тест тапсырмасы дұрыс құрылмаса;

5) тапсырма шартының фрагменті (мәтін, сызба, суреттер, кестелер) табылмаса, соның нәтижесінде дұрыс жауапты анықтау мүмкін болмағанда;

      техникалық себеп бойынша:

1) дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келетін боялған дөңгелекшені сканер екі және одан көп дөңгелекше ретінде оқыса;

2) дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келетін боялған дөңгелекшені сканер бос дөңгелекше ретінде оқыса;

3) жауап парағында ақау болғанда.

Апелляция өтініштері ҰБТ нәтижелері хабарланғаннан кейін келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін қабылданады және оны апелляциялық комиссия (республикалық апелляциялық комиссия) күнтізбелік бір күн ішінде қарастырады. Түсуші апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда, оның апелляцияға берген өтініші қарастырылмайды.

ҰБТ–ға кірген кезде қолдануға тыйым салынатын заттар:

♦ калькулятор;

♦ фотоаппарат;

♦ пейджер, ұялы телефон, планшет сынды байланыстырғыш құралдар;

♦ ноутбук;

♦ электронды кітапша;

♦ плеер;

♦ ақпарат беретін материалдар;

♦ ақпарат беретін анықтамалар;

♦ шпаргалка;

♦ шимай дәптер.

Алайда таңдау пәні химия болған оқушылар өзімен бірге Менделеев пен тұздың еру кестесін алып кіре алады. Аталған заттарды аудиторияда мүлдем дерлік пайдалануға болмайды.

Қандай әрекеттер жасауға тыйым салынады?

♦ сөйлесу;

♦ орнынан тұру;

♦ жүру;

♦ аудиториядан рұқсатсыз шығу;

♦ орын ауыстыру;

♦ кез келген материалмен алмасу;

♦ кітапшаны ауыстыру;

♦ көшіру;

♦ тестің алдын ала берілген кілтін пайдалануға болмайды.

Тәртіпті бұзушылар аудиториядан шығарылып, жауап парағы қабылданбайды.

Мұнымен қатар, жауап парағын бояу барысында ескеретін бірнеше ереже бар:

♦ түзетуге арналған сұйықтықты пайдалануға;

♦ көк немесе қара түсті қаламнан өзгесін қолдануға (қызыл, жасыл және т.б.);

♦ қауырсын, гель қаламмен жазуға;

♦ қарындашпен бояуға;

♦ жауап парағын бүктеп, жыртуға тыйым салынады.

 Өзімізбен бірге ҰБТ–ға қандай заттар алып кіруге болады?

♦ су;

♦ көк немесе қара түсті қалам;

♦ сызғыш;

♦ қарындаш (бірақ оны жауап парағын бояу үшін пайдалануға болмайды);

ҰБТ–ға нені алып кіруге міндеттіміз?

♦ ҰБТ–ға жіберу парағы;

♦ төлқұжат;

♦ қара немесе көк түсті қалам.

Ақтөбе қаласы №136 базалық филиал жетекшісі

Талғат Жаркылов

8(7132) 22-21-45

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.