Четверг, Октябрь 18, 2018
Басты > Жаңалықтар > Бибігүл Әбенова – «Маман мақтанышы» медалімен марапатталды

Бибігүл Әбенова – «Маман мақтанышы» медалімен марапатталды

Бүгін Халықаралық педагогика және инновациялық технологиялар ғылым Академиясының  құрылғанына екі жыл толу мерекесіне орай «Ұлытау» мейрамханасында «Жыл үздігі» республикалық дәрежедегі салтанатты марапаттау кешін өткізді. Аталмыш жобаны  «Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдау» қоры қоғамдық қорымен «Самғау» республикалық ғылыми-әдістемелік журналы бірігіп ұйымдастырды. Шараға Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Күлпаршын Айдарханова, Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева, «Өрлеу» педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру ұлттық орталығы бөлімшесінің директоры Нұргүл Абишева сияқты лауазым өкілдері меноблыстағы педагогика саласының жетекші мамандары қатысты.

        Мерекелік кешке барлығы 150 үздік мекеме, 300-ге жуық республикалық байқау жүлдегерлері қатысты. Олар: әр облыстан келген мектеп мұғалімдері, орта және жоғары оқу орны оқытушылары, балабақша тәрбиешілері. Осы үздіктердің үздігі арасында Жұбанов университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Бибігүл Әбенова да болды. Бибигүл Сейілқызына «Маман мақтанышы» медалі табысталды. Бұл марапат педагог-ғалым басшыға педагогика саласындағы маман ретіндегі биік беделі мен есімі кәсіби ортада танымалдығы, 2017-2018 оқу жылында көрсеткен жоғары табыстары үшін берілді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.