Среда, Апрель 17, 2024
Басты > Жаңалықтар > Бітіруші суретшілердің дипломдық жұмыстарында тарихи тақырып басым

Бітіруші суретшілердің дипломдық жұмыстарында тарихи тақырып басым

«Бейнелеу өнері және сызу» мамандығын биыл бітірушілердің арасында  диплом жұмыстарына тарихи тақырыпты арқау еткендері басым. «Тарихи тақырыпқа картина жазу өте күрделі, ауқымды жұмыс. Дегенмен осындай жұмысты батыл қолға алып, шебер орындап шыққан түлектерімізді мақтан тұтып отырмыз»,-дейді «Бейнелеу өнері және кәсіптік оқыту» кафедрасының меңгерушісі Мергембай Кургамбеков зор ризашылықпен.

Бүгін аталмыш мамандық бойынша күндізгі бөлімді бітірушілердің диплом жұмыстарын қорғау емтиханы басталды. Емтихан екі күнге созылады. Мемлекеттік комиссия мүшелері 14 шығармашылық жұмысты қарап, баға бермек. Диплом жұмыстары ішінде үлкен көлемді «Аңырақай шайқасы» картинасы ең үздік туынды ретінде бағалануда. Аңырақай шайқасы қазақ халқының жоңғарларға қарсы күресінде  азаттыққа бетбұрыс жасаған ірі шайқас болып есептеледі. Картина авторы Абылайхан Аманжол диплом тақырыбын 3 жыл зерттеген. Сонымен қатар бітірушілердің қыл қаламынан туған сәтті туындылар ретінде «Сарайшық», «Отырар», «Профессор Құдайберген Жұбанов портреті», «Мәңгілік ел» тақырыптарындағы дипломдық картиналарды атауға болады. Дипломдық жұмыстар арасында қазақтың ежелгі тұрмыстық бұйымдары да ерекше көзге түседі. Айдана Бигельдиеваның тостағандар топтамасы әдемі орындалған. Диплом қорғау емтиханы ертең жалғасады.