Пятница, Август 17, 2018
Басты > Білім > Жұбанов университетінің студенттері түрік тілін меңгеріп шықты

Жұбанов университетінің студенттері түрік тілін меңгеріп шықты

Университетте 2018-2019 оқу жылының сәуір айында басталған түрік тілі курсын  58 тіл үйренуші орта  деңгейі бойынша сәтті аяқтады.

Түрік тілін жеделдетіп оқыту арқылы студенттерге орта  деңгейлік сертификаты беріледі. Әрбір студент түрік тілін жетік меңгеріп, өз мамандығына байланысты  Түркияның сеіктес университетінде одан әрі қарай дамыта алады.

Түрік тілін үйрену академиялық ұтқырлық бағдарламалары, «Мәулана», қос диплом бағдарламасы бойынша білім алу мүмкіндіктеріне үлкен септігін тигізеді.

Бүгінгідей жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамдағы алар орны да ерекше. Өзге тілді үйрену, оны жетік меңгеру — бұл ең алдымен халықаралық қатынастар кезінде айрықша рөл атқаратыны баршамызға аян.

«Курсқа өз қалауларымен келіп отырған тыңдаушылардың түрік тілін үйренуге деген қызығушылықтары жоғары болғанын байқадық. Жеделдетілген  курста тіл үйренушілер қарым-қатынас жасау біліктілігін қалыптастырып, өз ойын жүйелі жеткізуге, сұрақтарға жауап беруге, сауатты жазуға дағдыланды»-дейді түрік тілінің оқытушысы Рахман Өксүз.

Курсты сәтті аяқтаған тыңдаушыларға  сертификат табысталды.Түрік тілін үйретуші түрік мамандарына университет ректорының атынан алғыс хат тапсырылып, студенттер жылы лебіздерін білдірді.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *