Вторник, Март 19, 2024
Басты > Білім > Магистрант-филологтар тағылымдамадан өтті

Магистрант-филологтар тағылымдамадан өтті

Филология мамандығының 2 курс магистранттары Ресей Федерациясы Екатеринбург қаласындағы Орал мемлекеттік педагогикалық университеті базасында ғылыми тағылымдамадан өтті. Тағылымдама барысында магистранттар «Актуальные проблемы филологического образования» атты қосымша кәсіптік білім беру бағдарламасы бойынша 72 сағат көлемінде дәріс тыңдап, тәжірибелік жұмыстар жасады. Курс соңында «Особенности литературного процесса» тақырыбында қорытынды сабақ өткізілді. Тағылымдама барысында магистранттар ф.ғ.д., профессор, РФ еңбек сіңірген ғылым қайраткері  А.П.Чудинов, ф.ғ.д., профессор Е.А.Нахимова, ф.ғ.д., профессор Н.Б.Руженцева, ф.ғ.к., доцент Н.В.Багичева, ф.ғ.к., доцент С.Д.Томилова сынды белгілі филолог ғалымдар дәріс оқып, тәжірибе сабақтарын жүргізді.

Нәтижесінде магистранттарға біліктілік көтеру жөнінде куәліктер берілді. Ал Орал мемлекеттік педагогикалық университеті ғалымдарына Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ ректоры Б.Ердембековтің Алғыс хаты табыс етілді.

Ғылыми тағылымдама аталған оқу орны мен Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ арасындағы Ынтымақтастық туралы келісім-шарт негізінде жүзеге асырылды.