Четверг, Октябрь 18, 2018
Басты > БАҚ біз туралы > Ақтөбе мемлекеттік универ­ситетінің студенттері Бесоба қорымында қазба жұмыстарын жүргізуде

Ақтөбе мемлекеттік универ­ситетінің студенттері Бесоба қорымында қазба жұмыстарын жүргізуде

Бүгінде республикалық экспедиция құрамындағы археологтар Бесоба қорымында қазба жұмыстарын жүргізуде. Оқу жылы аяқталысымен осы сапқа Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік универ­ситетінің студенттері де қосылды.

Олар қорым басында архео­­логияның тылсым сыр­ларына қанықпақ. Мәр­төк ауда­нының Род­никовка ауылы ма­ңында еңбек етіп жүрген жас­тар­дың археологияға деген ын­тызарлығы өте жоға­ры. Сту­дент­­тердің ғалым­дармен қаз­ба жұмыс­тарын бірлесе жүр­гі­зуі­нің екі жақты пайдасы бар. Біріншіден, болашақ мамандар белгілі ға­лым­дардан көп ілім үйренсе, екін­ші­ден, ғалымдардың да қолы ұза­ра­ды. Ең басты­сы, ортақ іс нәти­желі. Ай­талық, уни­­верситеттің би­ыл­ғы түлегі Қуан­­дық Сам­рат археологиялық қазба жұ­мыс­тарына араласқан төрт жылдың ішінде көңіліне көп дүние түйді. «Осы уақыт ара­­лығында археологияның син­­тездік, яғни бірнеше ма­ман­­дық­тың түйісетін арнасы екенін аңғар­дым. Ар­хеол­огия сонысымен де тұң­ғиы­ғына тарта түсті», дейді ол. Қ.Жұбанов атындағы Ақ­төбе мемлекеттік универ­ситетінің ректоры Бауыржан Ердембеков сту­денттердің қазба жұмыстарын жүр­гізуіне қолдау көрсетіліп отыр­­ғанын, олардың жұмыс істеуі мен демалуы үшін арнайы шатырлар тігілгенін, қол­данатын құрал-сай­ман­дарын жаңғырту ісі қол­ға алынғанын айтады. Сон­­дай-ақ университетте да­лалық тәжі­рибеге бө­лінетін сағаттар саны қайта қа­рас­тырылмақ. Ал тарих-археология мамандығын бітір­ген түлектердің әрі қа­рай білі­мін магистратурада жал­­ғас­тыруына жол ашық.  «Студенттер өзде­рі жүр­­­­­­­гізген қазба жұмыста­ры­ның негізінде түрлі ғы­лыми сипаттағы материал­дар жазып, жариялап жүр. Жо­ғары оқу орнында ма­ман­­дандырылған архео­­логия­лық зертхана ашу­дың қажеттілігі осында. Өйткені ғы­лыми жұ­мыс­тарды сүзгіден өт­кізу жас зерт­­­теушілердің зерттеу ая­сын ке­ңейте түседі. Бұл сту­дент­терді ғы­лыми-архео­­­­логиялық талдау жа­сау­­ға да құлшындырады. Яғ­ни, аталған жобалар Мем­­ле­кет бас­шысының «Ру­­хани жаңғыру» бағ­дар­­лама­сын­дағы «Туған жер» бағы­тын байыпты түр­де орын­дау­дың көрінісі бол­мақ», дейді Б.Ер­дембеков.

 

Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан»

Ақтөбе облысы

Ақтөбе

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.