Четверг, Сентябрь 19, 2019
Басты > Жаңалықтар > Ақтөбе өңірі экономист, құқық, бизнес саласының мамандарымен толықты

Ақтөбе өңірі экономист, құқық, бизнес саласының мамандарымен толықты

Бүгін Жұбанов университетінде құқық, экономика және бизнес бакалавры академиялық дәрежесі бойынша оқуларын аяқтаған жас мамандарға диплом табыстау рәсімі өтті. Жалпы саны 361 бітірушілердің 230-ы күндізгі, 131-і сырттай бөлімдерді бітірді. Оның ішінде 24 бітіруші үздік үлгідегі дипломға ие болды.

Салтанатты шараға  экономика және құқық  факультетінің  ұжымы, бітірушілер  және олардың ата-аналары мен жақындары қатысты. Озат бітірушілерге дипломды университет ректоры Бауыржан Ердембеков табыстады.

Бітірушілерді арнайы құттықтауға келген, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Расул Медетов оларға жарқын болашақ тіледі. Сондай-ақ Расул Махмудұлы  университет пен «Мансап» Ақтөбе студенттік мемлекеттік қызмет мектебі жобасына шын көңіл бөліп, оның жұмысына жасаған қамқорлығы үшін ректорды Алғыс хатпен марапаттады.

2018 жылдың бітіруші-түлектері атынан, ерекше диплом иегері Айнұр Әбішкенова сөз сөйлеп, аяулы ұстаздарының ерен еңбегіне ризашылық сезімдерін жеткізді.

Факультет басшысы, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Аслан Тасмағанбетов қоштасу сәтіндегі толқынысқа толы жағдайда бітірушілерге ақыл-кеңестері мен жүрекжарды тілектерін айтты. Студенттік жылдарда белсенділік көрсетіп, қоғамдық істер ортасында болған бітірушілерге және олардың ата-аналарына Алғыс хаттар табысталды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.