Вторник, Март 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінің ғалымдары «Ғылым қоры» АҚ-ның өкілдерімен кездесті

Жұбанов университетінің ғалымдары «Ғылым қоры» АҚ-ның өкілдерімен кездесті

Бүгін Жұбанов университетінің мәжіліс залында «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті коммерцияландыру туралы» ҚР Заңның нормалары мен коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру ережелерін түсіндіру мақсатында «Ғылым қоры» АҚ-ның өкілдерінің аталмыш оқу орнының ғалымдарымен кездесуі өтті.

Ғалымдардың ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті коммерцияландыру, субқаржыландыру және субқаржыландыру сомасының бөлінуі, жобалық топқа шетелдік ғалымдарды енгізу, ғалымның негізігі білімінің зерттеу нысанына қатыстылығы, мобильдік қосымша-оқулықтың цифрлық технология ретінде қолданылуы төңірегіндегі сұрақтарына «Ғылым қоры» АҚ-ның жоба үйлестірушілері Майра Сакиева мен Шолпан Сапарова жауап берді.

Айта кететін жайт, 2018 жылдың 12 маусымында «Ғылым қоры» АҚ «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті» ММ атынан 2018 жылға ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру туралы конкурстың өткізілетінін хабарлаған болатын. Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер 2018 жылдың 18 маусымынан 1 тамызына дейін қабылданады.