Вторник, Июнь 2, 2020
Басты > Жаңалықтар > Кәсіби-шығармашылық факультетінің студенттері үлкен өмірге жолдама алды

Кәсіби-шығармашылық факультетінің студенттері үлкен өмірге жолдама алды

Бүгін кәсіби-шығармашылық факультетінің бітіруші түлектеріне салтанатты түрде диплом табысталды. Аталмыш факультетті биылғы оқу жылында дизайн, музыка, бейнелеу өнері, дене шынықтыру саласының 297 маманы тәмамдап отыр. Олардың 32-сі ерекше үлгідегі дипломға ие болды.

Студенттер сарйының үлкен залында салтаннатты шараның қонақтарын «Бейнелеу өнері» мамандығының бітіруші студенттерінің үздік дипломдық жұмыстарының көрмесі күтіп тұрды. Көрмеде Құдайберген Жұбановтың бейнесі, қаламыздың көрікті жерлері және ұзындығы үш метр болатын «Аңырақай шайқасы» бейнеленген картиналарды тамашалауға мүмкіндік болды.

Алғашқы құтитықтау сөзі университеттің ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Рахым Бекназаровқв берілді. Ол өз кезегінде барлық түлектерге сәт-сапар тілеп, бүгінгі мерекенің әр студенттің жеке жеңісі екенін атап өтті.

Кәсіби-шығармашылық факультеті өздерінің студенттерімен мақтана алады. Олардың қатарында атақты чемпион қыз Таисия Дьяченко, екі мәрте Азия чемпионы Айбек Қамзенов және басқалары. Осындай атақты студенттерінің бірі, 2009 жылғы түлек, Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионатының күміс жүлдегері, Пекиндегі Олимпиада ойындарының қатысушысы Ольга Жанибекова бітіруші түлектерді құттықтауға арнайы келді.

Жас мамандарға сәт сапар тілеп, жүрекжарды ақ тілектерін факультет деканы Сабыржан Мұхтаров та жеткізді. Ата-аналар атынан ұстаздар қауымына алғысын  жеткізген Бибі-Батима Қатарбаевның анасы Валентина Божанова мен қолдарына дипломдарын алған жас мамандарға ақ жол тіледі. 4 жыл бойы университет өміріне белсене қатысып жүрген студенттердің ата – аналары Алғыс хаттармен марапатталды.