Пятница, Август 17, 2018
Басты > Жаңалықтар > ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

2018 жылдың 15-ші шілде айынан бастап 15 қыркүйек айына дейін  Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің мұражайы «Жәдігер жерде қалмасын» атты акциясын өткізеді.

Акцияның негізгі мақсаты:  ел арасында елеусіз жатқан құнды заттарды кәсіби тұрғыда сақтау, халықтың-тұрмыс тіршілігін сипаттайтын  қолөнер бұйымдары, қыл қалам туындары, сирек кітаптарды жинақтау, студенттердің  шығармашылық  жұмыстарының экспозициясын  (мүсін, сурет, бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнері), арқылы мұражай экспонатын, қорын  толықтыру.

Бүгінгі  мұражай  өткен  тарихымыздың  куәсі, өткен  мен  болашақты  жалғастырушы.   Демек,   ата-бабаларымыздан   бізге  мирас   болып   қалған   құндылықтар,  бұрыңғы  тарихи   қолданған   заттар,  қолжазбалар,  бұйымдар   өткен   заманның   шежіресіне айналатынын  келер  ұрпақ  көріп  білуі тиіс, сондықтан осы   қағиданы    ұстана   отырып,  барлық   декан  факультеттеріне,  студенттер  мен  оқытушыларға, түлектерімізге, қызметкерлерімізге,  ардагерлер-ұстаздарымызға, маңызды  құжаттар,  фотосуреттер,  көне  тұрмыстық  заттар, ерекше  әсерлі  тарихы  мен  аңызы  бар   отбасылық  құндылықтарды  музейге  тапсыруға,  жәдігер   жинауға  өз  үлестерін  қосуға  шақырамыз.

Музейдің мекен-жайы:

Ақтөбе қаласы. Ә.Молдағұлова даңғылы 34, 3 қабат

Байланыс  телефондары:   87029618638

Электрондық пошта:  muzei.2018@mail.ru

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *