Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > 112 бітірушіге «Магистр» дәрежесі берілді

112 бітірушіге «Магистр» дәрежесі берілді

Бүгін Жұбанов университетінде педагогика, психология, филология, экономика, физика, информатика, биология және т.б. мамандық бойынша 112 магистрантқа салтанатты түрде диплом табыс етілді.

Диплом табыстауға арналған салтанатты жиынды дәстүрлі түрде құттықтау сөзбен университет ректоры Бауыржан Ердембеков бастап, бітірушілерге ақ жол тілей отырып, оларға оқыған мамандықтар бойынша магистратураны аяқтағандары жөнінде дипломдарды тапсырды. Келесі құттықтау сөзді бірінші проректор Қуанышбек Шункеев алды. Ол да осы сәтті пайдалана отырып, түлектерді ғылым жолына аттанған қадамдарымен құттықтады.

Түлектерге диплом табыстау рәсімін жалғастырған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің басшысы Гүлбану Такишева өз құттықтау сөзінде биылғы жылы тағы магистратурада 13 мамандық ашылғаның атап өтті.

Мерекелік кеште профессор-оқытушылар қауымына алғыс-тілегін «Филология» мамандығының магистранты Айбат Умирбаев жеткізді.

Магистратура түлектері өзінің кәсіптік білімдерін табысты іске асырып, мемлекеттік холдингтерде және Қазақстанның ірі компанияларында экономика және мемлекеттік басқару, білім және ғылым салаларын дамытуға айтарлықтай үлес қосуға дайын.