Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті кеше бірқатар республикалық және қалалық БАҚ-да жарияланған бір топ құрылысшылар наразылығына байланысты деректерге орай төмендегідей мәлімдейді:

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті кеше бірқатар республикалық және қалалық БАҚ-да жарияланған бір топ құрылысшылар наразылығына байланысты деректерге орай төмендегідей мәлімдейді:

Біріншіден: университетте жөндеу жұмыстарын жүргізіп, еңбек ақысын ала алмай жүрміз деген сұраққа:

Университет бұл құрылыс бригадасына жұмыс беруші мердігер «Амарант-М» Жауапкеркершілігі шектеулі серіктестігіне аталмыш жөндеу жұмыстары үшін арадағы келісім-шарт негізінде 2018 жылдың 15 мамырында нысанды тапсыру және қабылдау актісі жасалып, тиесілі ақша мекеме есеп-шотына толықтай 18 мамырда аударылды.  Университет аталған мекемеге құрылыс бригадасына төленбеген еңбек ақы дауына байланысты қызметтік хат жіберіп, туындап отырған мәселені ескертті. Әрі қарай құрылыс бригадасы еңбек дауын өз жұмыс берушілерімен шешулері керек.

Екіншіден, университеттің №1спорт кешеніндегі сауна бойынша туындаған сұрақтарға байланысты қосымша мәлімет: бұл ғимараттың жертөлесінде спорт жаттығуларынан кейін жуынуға арналған  сауна  1999 жылы салынған, соңғы 5 жылда бұл бөлмелер зат қоймасы ретінде қолданыста.

Бүгінгі таңда жұмысшылар өкілімен кездесу өтіп, орын алған жағдай түсіндірілді.

Соның нәтижесінде аталмыш еңбекдауы шешімін тапты,жұмысшылардың университетке ешқандай шағымы жоқ екендігі туралы қолымызда құжат бар. Сондай-ақ, құрылыс бригадасына жұмыс беруші мердігер ЖШС-не төлемнің мамыр айында толықтай өтелгені туралы құжатты осы мәліметке қосымша ұсынамыз.

 

Университеттің «Заң қызметі» бөлімі  оқу орнының беделіне келтірілген нұқсан бойынша сотқа жүгінуді өз құқығында қалдырады.