Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінің екі профессоры «Астана 20 жыл» төсбелгісімен марапатталды

Жұбанов университетінің екі профессоры «Астана 20 жыл» төсбелгісімен марапатталды

Тұңғыш Президент атындағы саябақта Елорда мерейтойына арналған салтанатты кеште облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бір топ ақтөбелікті «Астанаға 20 жыл» мерейтойлық төсбелгісімен марапаттады. Ел дамуына  үлес қосқан 29 адам осындай қошеметке бөленді. Олардың қатарында  Жұбанов университетінің профессорлары Константин Цхай мен Амангелді Айталы да бар. Шын жүректен құттықтаймыз!