Четверг, Октябрь 18, 2018
Басты > Жаңалықтар > 300-ге жуық спортшы ЖОО-ға түсу үшін шығармашылық емтихан тапсырды

300-ге жуық спортшы ЖОО-ға түсу үшін шығармашылық емтихан тапсырды

Жақында Жұбанов университетінің кәсіби-шығармашылық факультетінде талапкерлер үшін арнайы емтихандардың кезені басталған болатын. Бүгінде «Дене тәрбиесі және спорт» пәні бойынша шығармашылық сынақтан 300-ге жуық спортшы өтті.

Алғашқы емтихан күні жеңіл атлетикадан (жүгіру 100 және 1000 метр) Ақтөбе облыстық олимпиадаға дайындау орталығының стадионында өтсе, екінші кезеңде талапкерлер гимнастикадан жаттығулар орындады. Ер балалар тартылу және брусьяда бұрышты ұстаудан, ал қыздар жатып денесін көтеру және ұзындыққа секіруден арнайы емтихан тапсырды. Емтиханның қорытынды кезеңі мамандықтар бойынша спорттың футбол, баскетбол, волейбол түрлерінен өткізілді.

«Дене тәрбиесінің теориялық негіздері» кафедрасының меңгерушісі, емтихан комиссиясының төрағасы, педагогика ғылымдарының докторы Төлеген Ботағариевтің айтуынша, күндізгі бөлім бойынша тапсырған талапкерлер 60-тан 80-ге дейін балл жинады. Колледжден кейінгі және сырттай бөлімге тапсырған талапкерлер үшін бір ғана шығармашылық емтихан тағайындалды. Ол емтиханның ең жоғары баллы – 20. Ал, аталмыш емтиханның қорытындысы бойынша талапкерлер 13-тен 20 баллға дейін еншіледі.

Оқуға түсушілер арасында Ақтөбе облысының барлық аудандарынан, Қызылорда облысынан барлығы 272 адам құжат тапсырды. Оның ішінде 144-і күндізгі бөлімге, 15-і қысқартылған күндізгі бөлімге (3 жылдық), 106-і қысқартылған сырттай бөлімге (3 жылдық), 7-еуі сырттай екінші жоғары бөлімге ниеттеніп отыр. Талапкерлердің ішінде күрес, баскетбол, волейбол, гандбол, пауэрлифтинг және т.б. спорт түрлерінен Халықаралық және Республикалық жарыстардың жеңімпаздары да бар.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.