Четверг, Март 28, 2024
Басты > Құттықтаулар > Металлургтер күнімен құттықтаймыз!

Металлургтер күнімен құттықтаймыз!

Құрметті металлургтер!

Қай кезеңде болмасын металлургия саласы мемлекеттің қуатын арттыруда маңызды орын алып келген болса, бүгінде де еліміздің индустрия саласында қозғаушы күш болып табылады.

Бұл сала қызметі ауыр әрі құрметті, ал осы маман иелері батылдық және жоғары кәсіби біліктілікті меңгерген қасиет иесі ретінде бейнеленеді. Соның жарқын бір дәлелі мартен пешінің қызуынан өмірлік бастауын алған  ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бірегей тұлғасы болып табылады.

Бүгінгі күні Ақтөбе  қаласының металлургтері ерен еңбектерімен өңірімізді өркендетуге сүбелі үлес қосып келеді.

Әрине, осынау толайым табыстардың арғы жағында жұмысшылар мен инженерлердің, аса күрделі өндірістік үрдістерді қамтамасыз ететін барлық қызметкерлердің күнделікті тынымсыз еңбегі жатыр. Металдың құпия сырларын білу, оны өңдеу мен өндірудің күрделі әдістерін меңгеру оңай шаруа емес екені белгілі. Дегенмен сіздер осындай ауыр кәсіпті жете игеріп, ел игілігі үшін еңбек етіп келесіздер.

Сондықтан өлкеміздің металлургиялық кәсіпорындарында еңбек етіп жүрген барша еңбеккерлерге зор алғысымызды білдіреміз.

Қымбатты металлургтер!

Сіздерді айтулы мереке – Металлургтер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға құт-береке тілейміз. Қазақстанның кемел келешегі үшін еңбекте жаңа табыстар мен жеңістерге жете беріңіздер!