Вторник, Апрель 23, 2024
Басты > Жаңалықтар > Еуразиялық зерттеулер бойынша II Халықаралық симпозиумға университет ғалымы қатысты

Еуразиялық зерттеулер бойынша II Халықаралық симпозиумға университет ғалымы қатысты

Шілде айының алғашқы күндері Түркия Республикасы Стамбұл университетіндегі Әл-Фараби Еуразиялық зерттеу орталығында  «Еуразия аймағындағы шығыстану  және түркітану» тақырыбында Еуразиялық зерттеулер бойынша II Халықаралық симпозиумы өтті. Стамбұл университеті мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірлесіп ұйымдастырған кезекті халықаралық симпозиумға алыс- жақын шет елдердің жоғары оқу орындарының профессорлары қатысып, 6 секция бойынша ғылым әлеміндегі түркітану және шығыстану  зерттеу салаларына қатысты баяндамалары талқыланды.

Аталмыш шараға Жұбанов университетінің Халықаралық ынтымақтастық орталығының директоры, профессор Гүлжан Шоқым қатысып қайтқан болатын. Шараға қатысқан университет өкілі симпозиумның ашылу салтанатында қатысушыларға университет ректоры, профессор Бауыржан Ердембековтің арнайы ықыласын жеткізіп, симпозиум жұмысының жоғары деңгейде өтуіне тілектестік білдірген құттықтау хатын  табыстады.

Симпозиумда ғалымдар мен сарапшыларды еуразиялық кеңістікте түркітану және шығыстану саласына көптеп тарту, түркітану және шығыстану сабақтарын оқыту және мамандарды даярлаумен айналысатын елдер арасында ортақ мақсаттар мен міндеттер қою, сонымен қатар түркітану және шығыстану саласындағы саяси және әлеуметтік мәселелер талқыланды.