Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университет ғалымы Стамбұл университетінің профессорларымен кездесті

Университет ғалымы Стамбұл университетінің профессорларымен кездесті

Жұбанов университетінің Халықаралық ынтымақтастық орталығының директоры, профессор Гүлжан Шоқым Түркия Республикасына сапары барысында  Стамбұл университетінің Технокентіне арнайы шақырылып, сол университеттің профессорларымен кездесті.

Технокенттің бірқатар қызметкерлерімен және Стамбұл университетінің ғалымдары филология ғылымдарының докторы, профессор Исмет Бинер және PhD доктор, компьютерлік инженерия факультетінің профессоры Атакан Куртпен кездесіп, Жұбанов университетінің «Қазіргі түркі тілдерінің тілдік үдерісін зерттеу» зертханасымен бірлескен жобалары жайында әңгімеледі.

Аталмыш жобалар латын әліпбиіне көшудегі қарымды қадамдардың бастамасы ретінде қазақ тілін кирилл әліпбиінен латын әліпбиіне ауыстыруды мейлінше оңтайлы, жүйелі жүзеге асыру және веб-сайтқа негізделген сөздік жобасы, тілашар жобасы, веб-сайтқа негізделген қазақша-түрікше компьютерлік аударма жүйесі, қазақ тіліндегі сөздердің семантикалық топтары жобасы (Kazakh Wordnet Projest) және қазақ тіліндегі сөздердің дұрыс жазылуын автоматты түрде түзету (Kazakh Spell cheking and Correction), қазақша сөздерді грамматикалық тексеру (Kazakh Syntax cheker) сияқты бірқатар қазақ тіліне арналған компьютерлік-лингвистикалық зерттеулерге негізделген.

Екі күнге созылған сапар аясындағы профессорлармен кездесу барысында Гүлжан Тыныштықбайқызы алдағы уақытта да ынтымақтастық пен серіктестікті одан әрі нығайтып, қос мемлекеттің  игілігі үшін көптеген жарқын жобаларды бірлесе атқаруға болатынын жеткізді.