Понедельник, Декабрь 10, 2018
Басты > Жаңалықтар > Болашақ дизайнерлерге арналған шығармашылық емтихан өтті

Болашақ дизайнерлерге арналған шығармашылық емтихан өтті

Жақын күндері Жұбанов университетінің  «Дизайн» кафедрасының емтихан комиссиясы болашақ дизайнерлердің практикалық білімдерін тексерді. «Дизайн» мамандығына оқуға түсу үшін «Сызу» және «Сурет» пәндерінен емтиханды 93 адам тапсырды. Олардың 71-і қазақ, 22-сі орыс тілді талапкерлер.  Емтихан барысында әр талапкерге жеке тапсырманы орындауға 4 сағат уақыт бөлінген. Болашақ студенттер кеңістікте орналасқан заттардың байланысын яғни, қағаз бетіне орналастыру, қойылымдағы заттың пропорциясын дұрыс таба білетіндігін көрсетті.

Емтихан комиссиясының төрағасы Боранбай Моменовтің айтуынша, Шығармашылық емтихан кезінде талапкерлердің басым көпшілігі бейнелеу өнерінің сурет және сызу пәндері заңдылықтарын практикалық тұрғыда жоғары дәрежеде меңгергендіктерін көрсете білді. Сондай-ақ, емтихан тапсыру үшін талапкерге барлық жағдай жасалғанын жеткізді.