Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келген мәжіліс депутаттары Жұбанов университеттің Жастар үйімен танысты

Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келген мәжіліс депутаттары Жұбанов университеттің Жастар үйімен танысты

Қазақстан Республикасының Президентінің бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру мақсатында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттар тобы Жұбанов университетінің студенттердің тұрмыс жағдайымен танысты. Жұмыс тобының құрамында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Михаил Чирков, Құралай Қаракен және Дания Еспаева болды.

Сапар барысында депутаттар 500 орындық №3 Жастар үйімен танысты.

Университеттің ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Рахым Бекназаровтың айтуынша университет студенттері жатақханамен толық 100 пайызға толық қамтылған.

«Жұбанов университетінде қазіргі таңда 2000 орындық 4 жатақхана бар. Жыл сайын университетте білім алушылар саны артып келеді. Сондықтан оларға әлеуметтік-тұрмыстық жағдай жасауды басты назарда ұстаймыз. Жатақханалар студенттердің өмір сүруі, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне қолайлы жағдайлар жасалған. Сонымен қатар жатақханаларда wi-fi желісімен қамтылған компьтерлік залы, кітапхана, демалыс бөлмелері бар», — деді университет проректоры.

Жұбанов университеті студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету жұмысында ауқымды жетістіктерге жеткенін, Құралай Қаракен Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі осы бағыттағы жұмыстардың жалғасын табатынын атап өтті.