Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Мәжіліс депутаттары жатақхана жайын көрді

Мәжіліс депутаттары жатақхана жайын көрді

Ақтөбеде бір топ Мәжіліс депутаттары жұмыс сапарымен жүр. Халық қалаулыларының басты мақсаты тұрғындарға Елбасының бес бастамасын түсіндіру. Мәжілісмендер қаладағы университет және  колледж жатақханаларының жағдайын көріп, материалдық-техникалық базасымен танысты. Толығырақ келесі бейнематериалда…

Депутаттар алдымен Марат Оспанов атындағы медицина университетінің жаңа жатақханасын көрді. Ғимарат пайдалануға бір жыл бұрын берілді. Төрт корпуста 950 студентке дейін орналасқан. Жатақхана маңында университет конференц-холлы бар. Кітапхана мен компьютер залы да соңғы үлгіде жабдықталған. Қазір студенттердің басым бөлігі жазғы каникулға кеткен. Ал, Жұбанов университетінің 9 қабатты жастар үйі студенттер үшін жыл бойы тұруға арналған. Көпшілігі «Жасыл ел» отрядында еңбек етеді. Ғылыми зерттеу жұмыс жүргізетін магистранттар мен докторанттар да жазғы демалысты жатақханада өткізеді.

Жатақхананың стандартты бөлмелерінде 2-3 студенттен орналасқан. Жеке жуынатын бөлмелері де бар. Ас үйде бір уақытта 30 адамға дейін түскі және кешкі ас дайындауға жағдай жасалған.  Жастар үйі де кітапхана, компьютер кабинеті, медпункт және мәжіліс залымен қамтылған. Вай-фай интернет желісі де қолжетімді. Жалпы Жұбанов университетінің студенттері 100 пайыз жатын орынмен қамтылған.  Тек колледж жатақханаларында ғана аздаған кемшіліктің бар екені анықталды.

ҚҰРАЛАЙ  ҚАРАКЕН, ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ

— Өткен жылы бірнеше жатақхана берілді. барлығы да заманауи талапқа сай. Студенттер үшін тиімді жағдай жасалған. Әйтседе колледж жатақханалырының жағдайы көңіл көншітпейді. Бұл тұрғыда көп жұмыс жасау қажет.

Айта кеткен жөн, өңірде 8 жатақхананың құрылысы басталады. Бұл әсіресе орта арнаулы оқу орын студенттерінің мәселесін шешпек. Құрылыс жұмыстары Елбасы тапсырмасына сай, 2022 жылға дейін аяқталуы тиіс.

http://aktobetv.kz/kz/news/society/mezhilis-deputattary-zhatakhana-zhaiyn-kordi