Пятница, Март 29, 2024
Басты > Хабарландырулар > Поляк тілі курстары

Поляк тілі курстары

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті мен Ақтөбе қаласындағы «Святло» поляк  этно-мәдени бірлестігі арасындағы шығармашылық ынтымақтастық туралы келісім аясында академиялық ұтқырлық және қос дипломды білім беру бағдарламасы бойынша оқуға үміткерлер үшін поляк тілі курстары басталды.

Поляк тілінің жедел курсы студенттерге поляк халқының мәдениеті мен ортасына тез бейімделуге мүмкіндік береді.

Барлық сұрақтар бойынша академиялық ұтқырлық бөліміне немесе 8 (7132) 24-91-95 телефонына хабарласыңыздар.