Понедельник, Июнь 1, 2020
Басты > БАҚ біз туралы > Студенттер емханасы сапалы қызмет көрсетеді

Студенттер емханасы сапалы қызмет көрсетеді

Кез келген елдің бас­ты бай­лығы – адам. Дені сау ұлт қана мықты мемлекет құра алады. 

Егер әр адам өзінің саулығын жас кезінен күтпесе, оны қада­ғаламаса ертең өршіген дерт күш бермей кетуі әбден мүмкін. Бұл ретте Астана мен Алматы қаласында сту­дент­терге арналған емханалар болашақ мамандардың денсаулығының күзетушісі міндетін абыроймен атқарып келеді. 1999 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің жанынан ашыл­ған студенттер емханасы өңірлер арасында тұңғыш рет құрылды. Аталған емхана 19 жыл бұрын студенттерге сапалы амбулаториялық-емханалық көмек беру жә­не оның қолжетімділігін кө­теру үшін ғылыми кеңес­тің­ шешімі бойынша ұйым­дас­­тырылған болатын. Сол­­ уақыттан бері мұнда ауру түрлерін ерте бастан анық­тау мен диагностикалау жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жолды іздегеннің артықшылығы әлдеқайда көп. Осы орайда өңір­лік студенттер емхана­сындағы 32 жоғары және орта арнаулы білімі бар медицина қызметкерлері жүргізген профилактикалық сауықтыру шараларының шоқтығы бәрі­нен де биік тұрады. Оның аясы жоғары оқу орнындағы 11 мыңнан астам студентті қам­титынын ескерсек, мерей­лі қызметтің мәртебесі одан әрі биіктей түседі. Арнайы медициналық мекеме тиісті материалдық базамен, заманауи қондырғылармен және білікті медициналық кадр­­лармен қамтамасыз етіл­ген. Өңірде құрылған студент­тер емханасының бас­ты қыз­меті клиенттерге тегін меди­циналық көмектің кепіл­ді көлемін беруге бағыт­талған. Мұнда медицина мекеме­сінің бастауында, яғни ашылуы мен қалыптасу кезінде бол­ған білікті мамандар то­бы әлі күнге дейін студенттер­ге сапалы медициналық көмек­тер көрсетіп келеді. Солардың бірі Қ.Жұбанов универститеті студенттер ем­ха­насының мең­г­е­ру­­шісі Жұмагүл Жұма­ға­зина. – Бүгінгі денсаулық сақ­тау саласындағы басым ба­ғыт­­тардың бірі – студент жас­тардың денсаулығын сақ­тау мен қадағалау болып отыр. Бұл іс бәрімізге күр­делі міндеттер жүктейді. Оған кәсіби біліктілік пен шебер­лікке қоса ерекше мейірім ая­лы алақан қажет деп біле­міз. Ұжымдағы барлық қыз­мет­керлерге осындай үйлесім болуын ылғи айтып жүремін. Өйткені туған топырағы мен ата-анасынан, әрі туып өскен бауырларынан жырақта жүр­­ген жас денсаулығынан кінә­рат табыла қалса ең алдымен бізден жылы сөз күтеді. Біз осы үдеден шыға білуге тиіс­піз, дейді ол. Жоғарғы оқу орнындағы сту­дент­тік өзін өзі басқару ұйы­­мының өкілдері студент­тік емхананың қызметіне дән риза екендіктерін жеткізді.

https://egemen.kz/article/172209-studentter-emkhanasy-sapaly-qyzmet-koersetedi