Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Қашықтықтан оқыту – білім берудегі жаңа технологиялардың бірі

Қашықтықтан оқыту – білім берудегі жаңа технологиялардың бірі

Бүгінгі күнде əлемнің қай түкпірінде болса да, ауқымды желі болғандықтан, қашықтықтан оқыту технологиясы — білім алушылар мен оқытушылар арасында оқу үрдісі кезінде интерактивті өзара пікір алмасуда жүзеге асырылып, оқу материалдарын білім аушыларға негізгі бөлігін жеткізуді қамтамасыз етуге, тақырыпты меңгеруге, сондай-ақ білім алушылардың берілген тапсырмалар бойынша өз бетімен жұмыс істеулеріне жағдай туғызатын ақпараттық технология.

Жұбанов  университетінің оқу үдерісінде қашықтықтан білім беру технологиясы сырттай оқу формасы мен мүмкіндігі шектеулі тұлғалар, сондай-ақ, ғылыми тағылымда  және алмасу бағдарламалары бойынша мемлекеттен тысқары шыққан білім алушылар үшін қолданады.

Сырттай бөлімге жоғары білім негізінде (екінші жоғары — оқу мерзімі 2 жыл) және колледжден кейін (бірінші жоғары қысқартылған — оқу мерзімі 3 жыл) 33 мамандығы бойынша түлектерді қабылдайды.

 

Қашықтықтан оқытудың тиім­ділігі, ерекшелігі неде және артықшы­лығы қандай? Осы сауалдарға орай университеттің оқу ісі жөніндегі проректоры Бибігүл Әбенованың  пікірін білген едік.

Қазір заман ағымына байланысты жоғары білім алудың түрлі тәсілдері шығып жатыр. Олардың бәрін бірдей тиімсіз деп жоққа шығаруға болмайды. Соның бірі ретінде осы қашықтықтан білім берудің жүйесін айтуға болады. Бұл өзі ақпараттық технологияның дамуымен бірге пайда болып отырған дүние. Қашықтықтан білім беру технологиялары қашықтықтан оқу сабақтарын «оnline», «offline» режимінде өткізуге негізделген.

Айта кету керек, қашықтықтан білім берудің дәл қазіргі уақытта маңызы өте жоғары. Ақпараттық, сандық технологиясы дамыған елдерде бұндай білім берудің формасы әлдеқашан бірізділікке түскен. Әрине, қашықтықтан оқытудың жақсы жақтары- қашықтықтан білім алу көбіне білімін жетілдіргісі келетіндер мен жұмысы тығыз адамдарға өте тиімді дер едім. Өйткені, мұнда білімді атқарып жүрген жұмысыңнан қол үзбестен қатар ала аласың немесе толықтыра аласың.

Мұның тағы бір тиімді жағы, оқу ақысы да студенттердің қалтасына ыңғайлы, әрі қолайлы. Сырттай оқу формасына қарағанда оқу ақысы да  төмендеу. Базалық білімді толықтыру жағынан алғанда аталған форманың артықшылығын мойындауымыз керек.

Ал, 2019 жылдан бастап сырттай білім алу жүйесі тоқтатылады. Күндізгі бөлімде оқымайтын, еңбектен қол үзгісі келмейтін талапкерлер тек қашықтықтан оқыту бойынша оқиды, қазірде бұның барлығы нормативке енгізіліп отыр. Айта кететін жайт, қашықтықтан оқытудың кейбір ерекшілігі бар, ол «Дизайн», «Дене шынықтыру және спорт», «Бейнелеу өнері және сызу» мамандықтарына түсушілер тек сырттай бөлімге тапсыра алады. Сессияға қатысу міндеттілігі бар мамандықтар болғасын бұл мамандықтардың ерекшілігі де содан болуы мүмкін. Қалған мамандықтарға түсуші талапкерлер қашықтықтан оқытуға тапсыра алады.

Қазіргі кезде біздің университетте 33 мамандық бойынша 182 студент білім алып жатыр. Биылғы оқу жылында әзірге 200-ден астам талапкер құжат тапсырып отыр, ал сырттай бөлімге де біршама құжат тапсырушы талапкерлер бар. Қашықтықтан оқыту бойынша тамыз айының соңына дейін құжаттар қабылданады.

Соған қарамастан, сөз соңында, Жұбанов университетінде  қашықтықтан оқимын деушілердің саны жыл сайын артып отырғанын айтқым келеді. Демек, сұраныс көбеймесе, кемімейді.

 

Барлық тілек білдірушілерді қашықтықтан оқытудың технологияларын пайдалана отырып жоғары білім алуға шақырамыз. Қашықтықтан оқыту бойынша университетке қабылдау және оқуға түсу ережелері туралы ақпаратты университеттің қабылдау комиссиясынан алуға болады.