Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Айбек Қамзенов XVIII жазғы Азия ойындарына жолдама алды

Айбек Қамзенов XVIII жазғы Азия ойындарына жолдама алды

Жұбанов университетінің кәсіби-шығармашылық факультетінің студенті Айбек Қамзенов Индонезия елінің Джакарта және Палембанг қаласында өтетін XVIII жазғы Азия ойындарына қатысуға мүмкіндік алды.

18 тамыз және 2 қыркүйек аралығында XVIII жазғы Азия ойындарында Ақтөбе облысынан келесі спортшылар өнер көрсетеді:

— Айбек Камзенов 50 метрлік брасс, 100 метрлік брасс бойынша жүзу;

— Ақсәуле Ерқасымова — 67 келі салмақ дәрежесінде таэквондо ВТ;

— Руслан Манаспаев — таеквондо;

— Мейрамбек Айнағұлов — 60 келі салмақ дәрежесінде грек-рим күресі.

Олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша Азия ойындарына қатысушылар:

— Андрей Гаврилюк — 85 келі салмақ дәрежесінде джиу-джитсудан (Не-ваза);

— Арыстан Оразов — ушу таолудан;

— Даяна Утямышева — ушу таолудан;

— Нартай Кажеков — 69 келі салмақ дәрежесінде джиу-джитсудан қатысады.

Бағдарламада спортшылар 42 спорт түрі бойынша 476 медальға таласып, өзара бақ сынайтын болады. Оған Ақтөбе облысынан қатысуға олимпиадалық спорт түрлерінен 4 спортшы және олимпиадалық емес спорт түрлерінен 4 спортшы лицензия жеңіп алды. Сондай-ақ, волейболдан облыстың 1 жаттықтырушысы Қазақстан Республикасының бас бапкерінің көмекшісі ретінде шақырылды.

Азия ойындары — Халықаралық Олимпиада комитетінің қадағалауымен Азиялық Олимпиада кеңесімен реттеледі және төрт жылда бір рет өткізілетін ауқымды халықаралық жарыс.