Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын гранттар бөлінді

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын гранттар бөлінді

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес облыста жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлау үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы жүзеге асырылуда. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша ақпарат жинақталды. Нәтижесінде облыс әкімдігінің конкурстық комиссиясы өңірге әр саладан қажетті мамандықтарды таңдады. Бөлінген грант саны — 100.

Жұбанов университетіне 51 орын бөлінген. Оның ішінде:

*Дене шынықтыру және спорт(қазақ бөлімі), күндізгі оқу түрі-2;

*Математика (қазақ бөлімі), күндізгі оқу түрі-5;

*Математика (орыс бөлімі), күндізгі оқу түрі-5;

*Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті, күндізгі оқу түрі-5;

*Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі (орыс тілінде оқыту), күндізгі оқу түрі-5;

*Ақпараттық жүйелер, күндізгі оқу түрі-9;

*Химия (ағылшын бөлімі), күндізгі оқу түрі-5;

*Физика (ағылшын бөлімі), күндізгі оқу түрі-5;

*Биология (ағылшын бөлімі), күндізгі оқу түрі-5;

*Информатика (ағылшын бөлімі), күндізгі оқу түрі-5.