Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > 2018 жылғы мемлекеттік білім гранты иегерлері анықталды

2018 жылғы мемлекеттік білім гранты иегерлері анықталды

5 тамыз күні Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау бойынша республикалық конкурстық комиссия өз жұмысын аяқтап, egemen.kz, kazpravda.kz, testcenter.kz сайттары грант иегерлерінің толық тізімін онлайн түрде жариялады. Жұбанов университетінің конкурсқа қатысуға ниет білдірген 2955 талапкерден құжат қабылдағаны туралы бұған дейін айтып кеткен болатынбыз. Конкурс нәтижесінде Жұбанов университетіне барлығы 900-ден астам талапкер мемлекеттік грант негізінде оқуға түсті. Оның ішінде 753-і жалпы конкурс бойынша, 37-сі әртүрлі топтар бойынша (жетімдер, І және ІІ топтағы мүгедектер, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілгендер, шетелдік қазақ диаспорасының өкілдері). Сондай-ақ «Серпін» әлеуметтік бағдарламасы бойынша мемлекеттік грант иегерлерінің саны 134 болса, қосымша тағайындалған гранттарға ие болғандар 25 адам.

Stan.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, 2018-2019 оқу жылына жоғары білімі бар мамандарды даярлауға 53 594 грант, магистрлерді даярлауға 12 504 грант және PhD докторларын даярлау үшін 2 240 грант бөлінді.