Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Тарихтан сыр шертетін оқу ғимараты

Тарихтан сыр шертетін оқу ғимараты

Киелі оқу орда Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті оқу ғимараттарының келесі кезегі № 2 оқу ғимараты. Университеттің аталған оқу ғимараты И. Тургенев көшесінде орналасқан.

Иван Сергеевич Тургенев (1818-1883) — орыс жазушысы. Ресей империясының Орел губерниясында, байлар отбасында дүниеге келген. Тургеневтің әдеби орыс тілінде жазылған проза шығармалары — орыс классикалық әдебиетінің үлгі болып саналады. Осы шығармаларына алдыменен «Әкелер мен балалар», «Аңшының жазбалары», «Дворян ұясы» романдары, «Ася», «Му-Му» повестері жатады. «Отцы и дети» («Әкелер мен балалар») романында бір жағынан Ресейдің түрлі әлеуметтік таптан шыққан зиялы қауымының өкілдерінің өркендеуі, екінші жағынан «нигилизмнің» өсуін көрсетті.

Тарихтан өз орнын тапқан тұлғаның есімі берілген көшеде орналасқан оқу ғимаратының өзі тарихтан сыр шертеді. Оқу ғимаратының іргетасы өткен ғасырдың 70-80 жылдары  қаланған. Тарих қойнауынан сырт шертетін оқу ғимаратында затына сай оқу ордамыздың «Тарих» факультеті студенттері білім алады.

«Тарих» мамандығы филология факультетінің құрамында 1985 жылы ашылып, 1987 жылы Тарих-педагогика факультеті болып құрылды. 1989 жылы Тарих факультеті дербес факультет ретінде қайта құрылып, онда «КСРО тарихы» және «Әлем тарихы» кафедралары жұмыс жасады. Сол уақытта факультетте «Тарих» мамандығы бойынша жоғары кәсіби білімді мамандар даярланды. Содан кейінгі кезеңдерде факультетіміз дамып, Батыс Қазақстан аймағында кәсіби, білікті мамандар дайындап шығаратын әлеуеті мол, тарих, география салалары бойынша жетекші мамандары қалыптасқан оқу орталығына айналды.

Факультетте «Тарих және тарихты оқыту әдістемесі», «География», «Отан тарихы және тарихи пәндер» кафедралары, «Тарих, этнография және археология» ғылыми-зерттеу орталығы бар. «Тарихи» орданың оқу-әдістемелік және материалдық-техникалық базасы да жақсы дамыған. Соның ішінде: Кітапхана және 2 оқу залы, акт залы, конференц-зал, мобильді компьютерлік класс секілді студенттерге керекті барлық жағдай жасалған.

Алдағы уақытта Университетіміздің өзге ғимараттары туралы қызықты тарихи ақпараттармен таныстыратын боламыз. Университет сайтының жаңалықтарын қалт жібермеңіз.