Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Қ.ЖҰБАНОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ 950 БАЛА МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ НЕГІЗІНДЕ БІЛІМ АЛАДЫ

Қ.ЖҰБАНОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ 950 БАЛА МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ НЕГІЗІНДЕ БІЛІМ АЛАДЫ

Жоғарғы оқу орындары арасында мемлекеттік грантқа құжаттар тапсырған үміткерлер саны бойынша Жұбанов университеті алдыңғы қатарда.  2955 талапкер аталмыш оқу орнын таңдаған. Білім ордасының өкілдері университеттің биылғы оқу жылындағы бағдарламалары мен жоспарына қатысты баспасөз мәслихатында айтып берді.

Конкурс нәтижесінде Құдайберген Жұбанов атындағы өңірлік университетке 900-ден астам талапкер мемлекеттік грант негізінде оқуға түсті. 753-і жалпы конкурс бойынша қабылданса. 37 талапкер 1,2-ші топ мүгедектері мен шетелдегі қазақ диаспорасының өкілдері. Биыл да жылдағыдай экономикалық мамандықтарға сұраныс жоғары дейді- мамандар.

Сондай-ақ, «Серпін» әлеуметтік бағдарламасы арқылы 134 бала мемлекеттік грант иесі атанды, тағы 25 адамға қосымша грант бөлінді. Бұл бағдарлама аясында еліміздің 5 өңірінен келген жастар тегін білім алатын болды.

Еске салсақ, Ақтөбеде жергілікті әкімдік 100 талапкерге тегін оқитын мүмкіндік беріп отыр. Осы мақсатта облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасымен еңбек нарығына қажет  28 мамандық таңдап алынды. Олар жергілікті бюджет есебінен оқытылады. Білім алған жастар кейін белгіленген орында еңбек етуге міндетті.

Венера Серғазина

http://aktobetv.kz/kz/news/society/kzhubanov-universitetinde-950-bala-memlekettik-grant-negizinde-bilim-alady