Четверг, Март 28, 2024
Басты > Хабарландырулар > Хабарландыру!

Хабарландыру!

2018 жылдың 20 тамызға дейін Жоғары колледжге жергілікті бюджеттен бөлінген гранттарға құжаттарды қабылдауы өтеді. Осыған орай, 18-19 тамыз күндері, сағат 08.00-18.00 дейін колледждің қабылдау комиссиясы жұмыс жасайтының хабарлаймыз.

Айта кету жөн, 11 сыныптан кейін жергілікті бюджеттен бөлінген гранттарға «Информатика пәнінен бастауыш білім беру», «Шетел тілі» және «Қазақ тілі мен әдебиеті» мұғалімдері мамандықтары бойынша 75 орын бөлінді.

Қабылдау комиссиясына төмендегідей құжаттар тапсырылады:

1) қабылдау туралы еркін нысандағы өтініш;

2) білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;

3) 3×4 см көлеміндегі 4 дана фотосурет;

4) 086-У нысанындағы медициналық анықтама

5) ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе кешенді тестілеудің сертификаты (бар болса);

6) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны салыстыру үшін).

Толық ақпарат алу үшін байланыс телефондары:

8705-383-42-86  —  Үйсінбаева Гүлжан Нұрланқызы

e@: gulzhik86@mail.ru

Instagram: arsu_ybbi17