Среда, Ноябрь 21, 2018
Басты > БАҚ біз туралы > «СЕРПIН» БАҒДАРЛАМАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

«СЕРПIН» БАҒДАРЛАМАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

«Серпін» бағдарламасы өңірде сәтті жүзеге асуда. Бұл Елбасы тапсырмасы. Облыста бағдарлама бойынша білім алып жатқан жастардың басым бөлігі Қызылордалықтар. Олар Ақтөбедегі жоғарғы оқу орынын аяқтаған соң, тұрақты жұмысқа орналасты. 11-і мүмкіндігі шектелу балаларға арналған арнайы балабақшада қызмет етіп жүр.

Ақмарал Кәрім Ақтөбеге «Серпін» бағдарламасы арқылы Қызылордадан келді. Дефектология мамандығы бойынша ұйдайберген Жұбанов атындағы өңірлік университетте білім алды. Шілдеден бастап, дефектолог -логопед мамандығы бойынша балабақшада қызмет етіп келеді.  Өзі секілді 11 жас маман балалармен жұмыс жасауға қабылданды.

«Серпін» бағдарламасы Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда,және Маңғыстау облысының білім іздеген жастарына Батыстың маңдайалды оқу орындарында оқуға мүмкіндік берді. Әрі дипломмен тұрақты жұмысқа орналасуға ықпал етеді.

Айта кеткен жөн, «Серпін» бағдарламасы бойынша биыл 134 талапкер грантқа ие болды. Тағы 25 адам қосымша грант алды. Бұл бойынша еліміздің 5 өңірінен келген жастар білім алатын болады.

Анастасия Евсеева

http://aktobetv.kz/kz/news/society/serpin-bagdarlamasy-setti-zhuzege-asuda