Вторник, Апрель 23, 2024
Басты > Жаңалықтар > Студенттер Конфуций Институтының жазғы тілдік лагерінде қытай тілі бойынша білімдерін арттырды

Студенттер Конфуций Институтының жазғы тілдік лагерінде қытай тілі бойынша білімдерін арттырды

2018 жылдың 30 шілдесі мен 13 тамызы аралығында Жұбанов университетінің Конфуций институтының және Конфуций институттарының Бас Басқармасы /Ханьбан қолдауымен 13 студент ҚХР, Ганьсу провинциясының Ланьчжоу қаласы Солтүстік-батыс педогогикалық университетіндегі жыл сайынғы жаздық тілдік лагерь бағдарламасына баруға мүмкіндік алды.

Қытайдағы тілдік лагерьдің негізгі мақсаты қатысушылардың тілдік біліктілігін арттыру және Қытай мәдениетімен танысу болып табылады. Екі аптаға созылған сапар барысында қатысушылар қытай мәдениетімен, каллиграфиясымен, сурет өнерімен, халықтық музыкасымен танысумен қатар, қытай тілі бойынша білімдерін арттырды. 10-13 тамыз аралығында Солтүстік-батыс педагогикалық университетінде болған қатысушылар Қытай астанасы Пекин қаласының көрікті жерлерін аралады.

Соңғы бес жыл ішінде жазғы тілдік лагерде 130-дан астам қатысушы қытай тілі жөніндегі білімін арттырып, жазғы тілдік лагерь тағылымдамасын бітіргендігін растайтын сертификатын алған еді.