ЕРЕЖЕСІ
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, Қазақстан Жазушылар одағы Ақтөбе филиалы, «Керек-инфо» газеті, С.Жиенбаев атындағы Ақтөбе облыстық жасөспірімдер кітапханасының бірлесіп ұйымдастыруымен 2018 жылғы 15 тамыз – 15 қазан аралығында көрнекті ақын Өтежан Нұрғалиевтің 80 жылдық мерейтойына орай «Өтежан өлеңдері» аттыбейнепоэзия эстафетасыөткізіледі.
Мақсаты: Қазақ поэзиясының классигі Өтежан Нұрғалиевтің шығармашылығын насихаттау, жас таланттардың шығармашылығын қолдау.
Бейнепоэзия эстафетасын өткізу тәртібі мен шарттары:
- Эстафета жеке бейнекамераға кез келген локацияда көрнекті ақын Өтежан Нұрғалиевтің өлеңін оқу арқылы жүзеге асырылады. Бейнепоэзия әлеуметтік желіге #өтежанөлең #өлеңөтежан хэштегімен жариялануы тиіс.
- Эстафетаға қатысушының жасына, ұлтына шектеу қойылмайды. Оқылатын өлең міндетті түрде Өтежан Нұрғалиевтің туындысы болуы шарт!
- Бейнероликтің басында немесе соңында қатысушы өзін таныстырып, эстафетаны кімнен алғанын және кімге жолдайтынын нақты атап кетуі қажет.
- Бейнепоэзия эстафетасында Өтежан Нұрғалиевтің өлеңін ерекше мəнерлеп оқыған қатысушылар 19 қазанда өтетін поэзия марафонында арнайы жүлделерге ие болады.
Бейнепоэзия эстафетасының жеңімпаздары дипломдармен және сыйақымен марапатталады.
Жауапты тұлғалар: Индира Кереева (87716878355), Гүлжайнар Қалдина (87758919171).
Ұйымдастыру комитеті