Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінің түлектері Ақтөбе қаласындағы педагогигалық кадрлардың жетіспеушілік мәселесін шешеді

Жұбанов университетінің түлектері Ақтөбе қаласындағы педагогигалық кадрлардың жетіспеушілік мәселесін шешеді

Осы мақсатта университет басшылығы мен қалалық оқу бөлімі арасында меморандумға қол қойылды. Бұл жөнінде «Төртінші өнеркәсіп революция жағдайындағы адами капитал» тақырыбындағы педагогтардың кезекті қалалық тамыз конференциясының аясында белгілі болды.

Облыс орталығының мектептеріне түрлі профильдер бойынша 200-ге жуық мұғалім қажет. Жоғарғы оқу орындарының қабырғасында жаңартылған білім беру жүйесінің принциптерін меңгерген және үш тілде оқытылатын мектептерде оқытуға дайын жас мамандарға артықшылық беріледі. Бұл бағытта бос орындардағы басымдықтарға Жұбанов университетінің түлектері ие болды.

Сондай-ақ, Жұбанов университеттің ғалымдары аймақтағы мектептерге жаңарулар енгізуге әдістемелік көмек көрсететін болады. Бұл  жүйе педагогика ғылымдарының кандидаты Зауреш Имжарованың әзірлемесін негізге алып, енгізілді.

Айта кетейік, педагогтардың кезекті қалалық тамыз конференциясы 2018 жылдың 16-22 тамыз аралығында өтті.