Пятница, Май 29, 2020
Басты > БАҚ біз туралы > «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында көрнекті ақын Өтежан Нұрғалиевтің 80 жылдық мерейтойына орай өткізілетін республикалық жыр мүшәйрасының ЕРЕЖЕСІ

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында көрнекті ақын Өтежан Нұрғалиевтің 80 жылдық мерейтойына орай өткізілетін республикалық жыр мүшәйрасының ЕРЕЖЕСІ

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ақтөбе облысының әкімдігі, Байғанин ауданының әкімдігі, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, «Ақтөбе Медиа» ЖШС, Қазақстан Жазушылар одағы Ақтөбе филиалының  бірлесіп ұйымдастыруымен көрнекті ақын Өтежан Нұрғалиевтің 80 жылдық мерейтойына орай республикалық жыр мүшәйрасы өткізіледі.

Мақсаты: Қазақ поэзиясының классигі Өтежан Нұрғалиевтің шығармашылығын насихаттау, Ақтөбе өңірінің рухани әлеуетін дәріптеу, жас таланттардың шығармашылығын қолдау.

Мүшәйраны өткізу тәртібі мен шарттары: Жыр додасына қатысатын ақындар төмендегі үш тақырып бойынша бұрын жарияланбаған өлеңдерін жолдауы тиіс:

  • «Өзгеше өрілген ғұмыр» (Ө.Нұрғалиев туралы өлеңдер);
  • «Құтты мекен — Ақтөбе»;
  • Еркін тақырып.

Сонымен қатар автор туралы ақпарат бөлек файлда ұсынылады, мұнда қатысушының толық аты-жөні, туған жылы, жұмыс орны мен қызметі, оқу орны мен курсы, тұрғылықты мекенжайы, электронды поштасының мекенжайы, телефондары (жұмыс, ұялы), өлеңдерінің тақырыбы, қысқаша шығармашылық өмірбаяны, түрлі түсті суреті мен жеке куәлігінің сканерленген көшірмелері жіберілуі тиіс. Екінші файлда байқауға ұсынылатын өлеңдері бүркеншік есіммен салынуы керек. Өлеңдер Times New Roman шрифтімен (14 рt), 1 аралық интервалмен, Word мәтіндік редакторында теріліп, on.mushaira@mail.ru электронды мекенжайына 25 қыркүйекке дейін жолдануы тиіс. Негізгі кезеңдер: өлеңдерді қабылдау – 25 қыркүйекке дейін; іріктеу кезеңі – 26 қыркүйек-5 қазан; қорытынды – 19 қазан.

Мүшәйра жүлделері: Мүшәйра жеңімпаздары дипломдармен және сыйақымен марапатталады:

Бас жүлде біреу –  500 000 теңге;

I орын біреу – 400 000 теңге;

II орын біреу – 300 000 теңге;

III орын біреу – 200 000 теңге.

 Ұйымдастыру комитеті

http://www.aktobegazeti.kz/?p=68613