Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жарқамыс орта мектебінде «Қазақ әдебиеті» кафедрасының филиалы ашылады

Жарқамыс орта мектебінде «Қазақ әдебиеті» кафедрасының филиалы ашылады

Байғанин ауданының 90 жылдық мерейтойына Жұбанов университеті делегациясын бастап барған университеттің оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры Бибігүл Әбенова Жарқамыс орта мектебіне барып, мектеп әкімшілігімен «Қазақ әдебиеті» кафедрасын филиалын құру туралы екіжақты келісімге қол қойды.

Жарқамыс орта мектебінің 90 жылдық тарихы бар,  елімізге есімдері елге белгілі ақын-жазушылар, ғалым-қайраткерлер Назарбай Блиев, Бәкір Тәжібаев, Тобық Жармағамбетов, Мәди Айымбетов, Өтежан Нұрғалиев, Есенбай Дүйсенбаев, Сәбит Баймолдин, Жанна Елеусізовалар түлеп ұшқан еңселі білім ордасы.