Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жаңа оқу жылында Ресейлік жоғары оқу орындарымен академиялық ұтқырлық бағдарламасы жалғасады

Жаңа оқу жылында Ресейлік жоғары оқу орындарымен академиялық ұтқырлық бағдарламасы жалғасады

Халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті мен Набережные Челны мемлекеттік педагогикалық университеті  арасындағы ынтымақтастық келісімнің негізінде «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 2-курс студенттері  серіктес университетте педагогикалық дағдыларын қалыптастыратын семестрлік  оқудан өтеді.

Набережные Челны мемлекеттік педагогикалық университеті (NGPU) – заманауи  ғылыми-әдістемелік базасымен және жоғары ғылыми-педагогикалық әлеуетімен Набережные Челны қаласындағы ірі оқу және ғылыми-әдістемелік орталықтардың бірі. Тәуелсіз мекеме ретінде НЧМУ 1990жылы Набережные Челны қаласында 1980ж. орналасқан Елабуга мемлекеттік педагогикалық институтының бірнеше факультеттері (педагогикалық, мектепке дейінгі білім беру және көркем — графикалық факультеті) негізінде  құрылды.

«Органикалық заттардың химиялық технологиясы», «Физика» «Есеп және аудит» мамандығының студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламалары шеңберінде  Башқұрт мемлекеттік университетіне жіберілді. Жыл сайын Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің студенттерінің серіктес университетте білім мен тәжірибе жинақтауға ғана емес, сондай-ақ университеттің мәдени өміріне қатысуына да мүмкіндігі бар.

Башқұрт мемлекеттік университеті – елдегі жоғары білім негізін қалаушы Башқұртстанның  көне университеті, Ресейдің жетекші ғылыми және білім беру орталықтарының бірі. Университет Башқұрт мемлекеттік университетімен бірлесіп төмендегі бағыттар бойынша жұмыс жасайды: дәрістік  және тәжірибелік  сабақтар, бірлескен конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер жүргізуге шетелдік ғалымдарды тарту.