Воскресенье, Декабрь 16, 2018
Басты > Жаңалықтар > Университет студенттерінің экслибристері халықаралық көрме каталогында жарияланды

Университет студенттерінің экслибристері халықаралық көрме каталогында жарияланды

Кәсіби-шығармашылық факультетінің 9 студенті «Спорт және футбол экслибристе» тақырыбында өткен Жалпыресейлік сайысқа қатысқан болатын. Аталмыш шараны Халықаралық кітапсүйерлер қоғамдық ұйымдары, экслибрис және миниатюралық кітап мұражайы, «Мемлекеттік спорт мұражайы» ФМБҰ ұймдастырды. Жұбанов университетінің намысын  «Дизайн» мамандығының студенттері : Кристина Барболина, Акерке Актлеуова, Карина Ашейчик, Ляйля Ермекова, Настя Борзенкова, Дина Исмамбетова, Лаззат Аманова, Аида Базарбаева, Денис Степановтар қорғады. Сонымен қатар каталогқа өнертану профессоры, мәдениеттану ғылымдарының кандидаты, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Мәрзия Жақсығаринаның да жұмысы енгенін атап өту керек.

Ақерке Ақтілеуованың жұмысында ресейлік футболист, жартылай қорғаушы Егор Титов бейнеленсе, Карина Ашейчик ресейлік қақпашы Игорь Акнфеевті, Кристина Барболина «Спартак» футбол клубын бейнеледі. Сондай-ақ жұмыстар арасында футболшы Олег Шатов, Андрей Кизенконың суреттері де кездеседі. Ал, Денис Степанов өзінің экслибрисіне Астананы негізге алды.

Сайысқа барлығы Ресейдің 12 аймағынан, Белоруссия және Қазақстаннан 23 суретшінің 45 экслибрисі қатысты. Барлық жұмыстар дәстүрлі техникамен жасалып, әртүрлі спорт түрлеріне арналған, оның ішінде футболға арналған жұмыстар саны – 24 болды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, барлық графикалық экспозициялардың таныстарылымы тек Мәскеуден де басқа қалаларда өтетін болады.