Понедельник, Декабрь 10, 2018
Басты > Жаңалықтар > Университетте Әбіш Кекілбаевтың жұбайы қонақта болды

Университетте Әбіш Кекілбаевтың жұбайы қонақта болды

Бүгін Жұбанов университетінде Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының алғашқы Мемлекеттік хатшысы Әбіш Кекілбаевтың жұбайы Клара Жұмабаева қонақта болды. Онымен бірге  облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева да келді.

Қазақ әдебиетінің асқар шыңы Ә.Кекілбаевтың телегей-теңіз талантынан шыққан дүниелердің алғашқы куәгері болған жан жары бүгін университетте жөндеуден өтіп,  жаңартылған жазушы атындағы кабинетке арнайы барып, танысты.

Кездесуде  ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Рахым Бекназаров  қадірменді қонаққа бас оқу ғимаратындағы жаңа конференц залдары және аудиторияларды аралатты.

  Өз кезегінде Клара Жұмабаева көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп, университет ректорына Әбіш Кекілбаев энциклопедиясының І-ші томын сыйға тартты, естелік суретке түсті.