Воскресенье, Декабрь 16, 2018
Басты > Жаңалықтар > «Биология» кафедрасының оқу аудиториясына профессор Сағит Исабаевтың есімі берілді

«Биология» кафедрасының оқу аудиториясына профессор Сағит Исабаевтың есімі берілді

Бүгін жаратылыстану факультетінде ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты, Жұбанов университетінің профессоры Сағит Исабаев атындағы кабинеттің таныстырылымы өтті. Шараға универсиеттің профессор-оқытушылар құрамы, Сағит Жәудеұлының жақындары, достары және әріптестері қатысты.

Қызал лентаны салтанатты түрде универсиете проректоры Қуанышбек Шүнкеев пен Сағит Исабаевтың немерелері Қамбар Ерланұлы мен Талап Сағит кесті. Қонақтар назарына Сағит Жәудеұлының еңбек жолы суреттелген көреме ұсынылды. Сондай ақ жиналғандар ғалымның отбасы дайындаған профессордың өмір жолы туралы сирек фотолардан тұратын бейнероликті тамашалады.

Жаратылыстану факультетінің деканы, PhD доктор Мурат Махамбетов алғашқы кіріспе сөз кезегін унивесритеттің бірінші проректоры Қуанышбек Шүңкеевке берді.

«Нағыз ғалым дегеніміз ол тек қана дипломы бар ғана емес, сонымен қатар өз бойында ғалым мәдениетін қалыптастыра білген адам. Сағит Жәудеұлы дәл сондай азамат еді. Кез-келген тартысты ғылыми пікірталас кезінде ол әрдайым терең ойланатын, эмоцияға берілмейтін, кемеңгер тұлға еді» — деп ғалымды еске алды Қуанышбек Шүңкеев. Сондай ак ол университетте кабинеттерге әйгілі ғылым және өнер қайраткерлерінің есімдерінің берілуі дәстүрге айналып келе жатқанын атап өтті. Қуанышбек Шүңкеевтің айтуынша, бұндай жұмыстардың негізгі мақсаты студенттерді Қазақстан Республикасының дамуына үлесін қосқан отандық ғалымдардың өмір жолымен жақынырақ таныстыру үшін жүргізіліп отырғанын тілге тиек етті.

 

Сонымен қатар университеттің бас ғылыми хатшысы, философия ғылымдарының кандидаты, доцент Абылай Мухамбетжан мен ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Рахым Бекназаров та ғалым жайлы айтып өтті.

«Мен Сакеңмен 50 жылдан астам таныс болдым. Біздің Сәкең керемет жан еді. Сағит Исабаевқа арнап оқу аудиториясын ашып жатқаны үшін университет басшылығына, факультет оқытушыларына үлкен ризашылығымды білдіремін. Осы аудиторияда сіздің студенттеріңіздің ең жақсы жобалары іске ассын» — деп тіледі өз кезегінде Сағит Исабаевтың жақын досы, әрі әріптесі Шәкір Бекетов.

Ары қарай өз ризашылығын білдірген Сағит Жәудеұлының шәкірті, Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінің «Жалпы биология және геномика» кафедрасының докторанты Жайдаргүл Қуанбай былай деді: «Мен осындай жүрегі кең, мейрімді жан, әділ, еңбекқор ғалымның шәкірті болғанымды мақтан тұтамын. Сағит Жәудеұлының терең білімділігінің арқасында мен генетикамен айналыса бастадым. Менің атқарып жүрген қызметім оның еңбегінің нәтижесі».

Әкесі, атасы, әріптесі Сағит Исабаевқа көрсетілген қошемет үшін университет басшылығына Исабаевтар отбасының атынан рахметін ғалымның баласы Мажит жеткізді. «Біздің әкеміз ғылымға, университеке, студенттерге шын берілген жан еді. Ол әр сабаққа шын ықыласпен дайындалатын еді. Балалық кезіміздің естеліктері ретінде әкеміздің ауылшаруашылық тәжірибе станциясында жұмыс істеген кездері жақсы сақталды. Ол бізді өзімен бірге егістікке жиі апаратын еді. Ол жерде біз бидайды сұрыптауға көмектесетін едік. Ол біз үшін үлгі тұтар тәрбиелі азамат болды» — деді Мәжит Сағитұлы. Ғалымның тағы бір шәкірті Владимир Цыганков та өз естеліктерімен бөлісті.

Шара барысында Сағит Исабаевтың өлең шығарытындығы туралы да сөз болды. «Биология» мамандығының 2-курс студенті Уалихан Жақсылықов Сағит Жәудеұлына арнауын жолдады.

Салтанатты шара «Биология» мамандығының 2-курс студенті Алтынзер Арапшақызы мен Жансұлу Есеновалардың «Балбырауын» және «Ерке сылқым» күйлерімен аяқталды.

Сағит Исабаев 1942 жылдың 4 желтоқсанында Қызылбұлақ ауылында дүниеге келген (Орынбор облысы, Ақбұлақ ауданы). Орынбор ауылшаруашылық институтын «Агрономия» мамандығы бойынша бітірген. 1973-1977 жылдар аралығанда Н.И.Вавилов атындағы ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасында оқыған. 1986-2017 жылдар аралығында Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ қызмет атқарған. Ақтөбе тәжірибе станциясының ғалымдарымен біргелікте бидайдың 10-нан астам түрін шығарған. Оның 70-ке жуық ғылыми-әдестемелік еңбектері бар.