Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жастар саясаты > Физика-математика факультетінде ағылшын клубы ашылды

Физика-математика факультетінде ағылшын клубы ашылды

Өткен жұма күні физика-математика факультетінде факультет деканы Алтыншаш Бекбауованың, кафедра меңгерушілерінің, әртүрлі факультет студенттерінің қатысуымен «English club FM» ағылшын клубының салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті.

Клубтың негізгі мақсаты ағылшын тілін жетік меңгеріп, тілдік кедергілерді жеңу және студенттер арасында ағылшын тілін дамыту болып табылады.

Клуб басшылығының құрамында шет тілі пәнінің оқытушылары Гүлнар Сагиева, Нұргүл Төлебаева, Жұлдыз Исабергенова бар. Rлубты ашу бастамасын физика-математика факультетінің деканы Алтыншаш Бекбауоваға тиесілі.

«Клубқа мүшелікке мемлекеттік, орыс және ағылшын тілін меңгерген студенттер ене алады. Клуб мүшелері айына екі рет жинала алады» — деді Ж.Исабергенова.

Клуб президенті, «Математика» мамандығының 1-курс студенті Макше Сейткалиев: «Клубтың жұмыс жоспары бекітілді. Осы жоспарға сай шаралар жүргізіліп тұратын болады. Менің ағылшын тілін меңгеру деңгейім — upper- intermediate. Бірақ өз деңгейімді әрі қарай дамыту мақсатында ағылшын тілімен айналысқым келеді. Болашақта аталмыш клуб жалпыуниверситетішілік болуы да мүмкін. Клубқа мүшелік етуге барлық факультет студенттері ниет білдіріп отыр» — деді.

Ағылшын тілін меңгеру деңгейін жоғарылату үшін оның тасымалдаушысымен үздіксіз қарым-қатынаста болу керек. Осы мақсатта біз Ақтөбе қаласында тұратын тіл тасымалдаушысын іздестірудеміз. Ағылшын клубы englishclub_fm инстаграм парақшасының ашылғандығы туралы да хабарлайды.

Сонымен қатар келесі телефон арқылы да хабарласуға болады: 8 (700) 027 29 27.