Четверг, Март 28, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > «Өз ұстазыңды құттықта!»

«Өз ұстазыңды құттықта!»

«Өз ұстазыңды құттықта!» бұл Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің студенттері ұйымдастырған акцияның атауы. Мұндағы мақсат-мұғалімдік кәсіптің мерейін асырып, ұстаздарды құрметтеуге шақыру.

Ақтөбеде «Өз ұстазыңды құттықта» атты акция өтіп жатыр. Студенттер қоғамдық көліктерге мініп, ондағы жолаушыларға арнайы үнпарақтар таратуда.

Шараның өтуіне Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің студенттері ұйытқы болып отыр. Барлығы 200 ден астам студент жұмылдырылған. Олар әр факультеттің белсенді жастары. Айта кетейік, елімізде ұстаздарға сыйлық жасауға қатаң тиым салынған. Бұл мәселе бойынша педагогтар мен ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстары да өтті. Әйтсе, де болашақ мамандар ұстаздарды мерекесімен құттықтауға шақырады. Бағалы сыйлықтың орнына бір шоқ гүл мен жылы сөздің өзі жеткілікті,-дейді студенттер.

Қазанның алғашқы жексенбісі елімізде мұғалімдер күні. Жылда аталып өтетін бұл мерекенің түп мәні-ұстазды ұлықтау. Студенттер аптаның соңына дейін ақтөбеліктерге үнпарақтар таратып, ұстаздарды мерекесімен құттықтауға шақырмақ. Бұл бастама, алдағы уақытта жаппай үрдіске айналуы мүмкін.

http://aktobetv.kz/kz/news/society/oz-ustazyndy-kuttykta