Воскресенье, Май 31, 2020
Басты > Жаңалықтар > «Руханият» ғылыми үйірмесі өз жұмысын бастады

«Руханият» ғылыми үйірмесі өз жұмысын бастады

Жұбанов университетінің «Жұбановтану» ғылыми-зерттеу орталығы жанынан «Руханият» ғылыми үйірмесі құрылды.

Бүгінгі заман талаптарына жаңашылдықпен үн қосатын, білім мен ғылымға жаны құштар, көкірегі ояу, көңілі от жалын жастар бас қосқан бұл үйірменің құрамында ізденімпаз, талапты мектеп оқушылары да бар.

Басты мақсат — рухани сананы жаңғырту, болашаққа батыл қадам басатын білікті жас ұрпақты тəрбиелеу. «Жұбановтану» ғылыми-зерттеу орталығының алдында биік мақсат, келелі үлкен міндеттер тұр. Сөз жүзінде емес, тындырымды іспен, тиянақты нəтижемен көрінуге белді бекем қуған «Руханият» ғылыми үйірмесі өз жұмысын бастап та кетті. Жуырда ғана Құдайберген Жұбанов ұрпағы табыстаған мұрағаттық қолжазбаның сырын тауып, кілтін ашып, халыққа қайта табыстауға ниет еткен топ «Жұбановтану» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі, г.ғ.м., қазақ əдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Ə.Ж.Ұлықпановамен бірге зерттеу ісіне  жұмыла кірісті.