Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жарқын болашақтың баспалдағы

Жарқын болашақтың баспалдағы

Университеттің № 5 оқу ғимараты қаламыздың Ы. Алтынсарин көшесінде орналасқан. Ғимарат алғашында Алматы инженер-транспорттық институт филиалының іргетасы негізінде қаланған. Өткен тарихтың саналы ғұмыры бүгінгі жарқын болашақпен сабақтасып тұрғандай. Еліміздің ертеңін қалыптастыратын ұрпақ тәрбиелеуде өз еңбектерін аямаған оқу ордамыздың ұстаздарына арналғандай ғимараттың өзі қазақтың ағартушы-ұстазы Ы. Алтынсарин көшесінде.

Ыбырай Алтынсарин – қазақтың ұлы ағартушысы, жазушы, фольклоршы, қоғам қайраткері, ғалым-этнограф. «Қазақ хрестоматиясы» (1879; 2 изд., 1906) мен «Начальное руководство к обучению казахов русскому языку» (1879) оқулықтарының авторы, мысалдар мен әңгімелердің және Л. Н. Толстой, И. А. Крылов шығармаларының авторы.

Қазақы мәтіндегі жазбаларды жазуға арналған орыс графикасы негізіндегі әліпби нұсқасын жасады.

Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы қазанның 20-сі (1 қараша) Николаев уезінің Арақарағай волосында туған. (қазір Қостанай облысының Алтынсарин ауданы).

Экономика және құқықтану саласында жоғары білікті мамандарды даярлау деңгейін арттыру, жоғары кәсіби білім беруді дамыту мақсатында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде  экономика факультеті 1992 жылы, құқықтану факультеті 2001 жылы құрылған.  2014 жылдың 1 қыркүйегіндегі ректордың № 348-н бұйрығы бойынша экономика және құқық  факультеттерінің біріктірілуі нәтижесінде Институт құрылған болатын. 2017 жылдың мамыр айынан бастап Экономика және құқық факультеті атанды.

Факультет бакалавриаттың 7 мамандығы, магистратураның — 3, орта кәсіптік білімнің 4 мамандықтары бойынша жоғары білікті кадрларды даярлауды жүзеге асырады. Факультет студенттері мен түлектері республикалық қоғамдық шаралардың бірнеше мәрте жүлдегерлері.

Ғимарат базасында студенттерге спорттық-мәдени және ізденіс жолын дұрыс қалыптастыруы үшін барлық жағдай жасалған. Осы оқу ғимаратында білім алатын студенттерге жаңа оқу жылында сәттілік тілейміз!