Четверг, Август 22, 2019
Басты > Жаңалықтар > Абай мұраларына арналған музыкалық-поэтикалық кеш өтті

Абай мұраларына арналған музыкалық-поэтикалық кеш өтті

Бүгін университетінің ғылыми кітапханасы Бейнелеу өнері, кәсіптік және музыкалық білім» кафедрасының бірлесіп «Абай — дана, Абай — дара қазақта» тақырыбында музыкалық-поэтикалық кеш ұйымдастырды. Іс-шараны ұйымдастыруға жауапты болған университеттің  ғылыми кітапханасының бас кітапханашы Жәния Сүндетова

Музыкалық-поэтикалық кеш «Хореография» мамандығының 1-курс студенттерінің орындауындағы «Абай» операсы желісіне құрылған «Қыздар биі» қойылымымен ашылды.

Кеште студенттер Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы  баяндамалар жасап, өлеңдер оқыды. Әсіресе Әдемі Сағызбайдың тұшымды баяндамасы, Ляззат Жанзақтың, Ақтілек Досақованың мәнерлеп оқыған Абай өлеңдері көпшілік көңілінен шықты.

Шараға қатысқан өнерпаз студенттер Абайдың қара сөздерін жатқа айтып, «Абай жолы» романынан сахналық көрініс қойды. Сондай-ақ кеш қонақтары назарына Абай Құнанбаевтың шығармашылығына арналған  кітап көрмесі ұсынылды. Кеш соңында белсенді қатысушыларға Алғыс хат табысталды.