Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университетте Ғалымжан Нұрышевтың ағасы қонақта болды

Университетте Ғалымжан Нұрышевтың ағасы қонақта болды

Бүгін Жұбанов университетінде 2004-2012 жылдары Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының  ректоры қызметін атқарған экономика ғылымдарының докторы, профессор, марқұм Ғалымжан Нұрышевтың туысқандары қонақта болды.

Ғалымжан Жұмабайұлының  ағасы, генерал-майор Қайыржан Нұрышевты жұбайымен университет ректоры, профессор Бауыржан Ердембеков қабылдады. Ректор Б.Ердембеков қабылдау барысында батыс өңірінің білім саласына қомақты үлес қосқан профессор  Ғ.Нұрышевтың есімі мен еңбегіне құрмет көрсету университет ұжымының парызы екендігін атап өтті. Әрі қарай қонақтар стратегиялық даму жұмыстары жөніндегі проректор Қуанышбек Шүңкеевтің бастауымен университет мұражайын аралады,  Ғалымжан Нұрышев туралы бейнефильмді тамашалады. Сонымен қатар «Ғалымжан Нұрышев», «Мұхтар Арын» атындағы кабинеттердің жұмысымен танысты. Кездесуге профессор Ғ.Нұрышевпен қызметтес болып, өнегесін көрген педагогика факультетінің бір топ оқытушылары мен университет  қызметкерлері қатысты.

Кездесу соңында генерал-майор Қайыржан Нұрышев Жұбанов университетінің беделінің жыл сайын жоғарылап келе жатқанынан хабардар екенін, кезінде оқу орнының басшысы болған бауырының игі бастамаларының жалғасып жатқанына ризашылығын білдірді. Сонымен бірге университет мұражайындағы қонақтар кітабына қолтаңбасын қалдырды.