Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жастар саясаты > «Брейн ринг» зияткерлік сайысы латын әліпбиін қолдауға арналды 

«Брейн ринг» зияткерлік сайысы латын әліпбиін қолдауға арналды 

«Болшаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында жаратылыстану факультетінде студенттердің ғылыми кеңесінің ұйымдастыруымен «Не? Қайда? Қашан?» тақырыбында «Брейн ринг» зияткерлік сайысы өтті.


Шараның мақсаты — студенттерді латын әріпін қолдауға, білімділікке, алғырлыққа және шапшаңдылыққа тәрбиелеу; логикалық ойлау мен топтағы жұмыс дағдыларын дамыту; дарынды және талантты студенттерді анықтау; сенімділік қасиеттерін қалыптастыру мен сөйлеу шеберлігін жетілдіру болып табылады.
Жыл сайын ұйымдастырылып отыратын «Брейн ринг» ойнына «Жасstar», «Эрудит», «Лабиринт», «Nice» и «Мафиозники» командалары қатысады. олардың құрамына «Химия», «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы», «Биология» және «Экология» мамандықтарының 1-3 курс студенттері қатысады.
Әр команда ойынға деген өзіндік көзқарасын танытты. Қатысушылардың берілген логикалық тапсырмаларды белсенді орындап, сұрақтарға қызықты жауап бергендіктерінің нәтижесінде ойын өте татысты өтті.
Ойын қорытындысы бойынша  «Эрудит» командасы 1-орынға ие болса, «Nice» командаса 2-орынға табан тіреді. ал жүлделі 3-орын «Лабиринт» командасының еншісінде болды.

Автор Салтанат Тажекенова