Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университетте Герд Риттхалердің дәрістері басталды

Университетте Герд Риттхалердің дәрістері басталды

Бүгін Жұбанов университетінде инженер-экономист, SES эксперті Герд Риттхалер алғашқы дәрісін оқыды. Дәрісті тыңдауға барлық факультеттердің оқытушылары, студенттері және де Ақтөбе қаласының туристік ұйымдарының өкілдері қатысты.

Дәрістер легі «Туризмді оқыту мен басқарудың әлемдік тәжіриесі (Германия мысалында)» атты халықаралық семинарының аясында ұйымдастырылып отыр. Шаранының ұйымдастырушысы Жұбанов университетінің Халықаралық ынтымақтастық орталығы мен «География және туризм» кафедрасы.  Дәрістер легі аяқталған соң барлық қатысушыларға сертификаттар берілетін болады.

«Семинардың негізгі мақсаты – біздің аймағымызда туризмді дамыту. Біздің оқытушыларымыздың алдындағы келесі мақсат аталмыш саланың жоғары санатты мамандарын даярлау» — деді шараны ашқан Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің директоры Гүлжан Шоқым.

Гүлжан Тыныштықбайқызының айтуынша, Герд Риттхалер екі апта бойы тек қана оқытушылар мен студенттер үшін ғана емес, сондай-ақ туристік компаниялардың өкілдері үшін де дәрістер оқиды. Дәріске қатысуға ниетті тұлғалар семинардың бағдарламасымен танысып, қызықтыратын тақырыптар бойынша дәрістірге қатыса алады.

«Сіздердің оқу орындарыңызда дәріс оқу мен үшін үлкен мәртебе. Жоспарланған шара аясында мен сіздермен көптеген қызықты ақпратпен бөлісемін. Сіздер өз кезегіңізде өзіңізге қажетті көптеген мағлұмат аларсыздар деп үміттенемін» — деді семинарға қатысушыларға Герд Риттхалер.

Бүгінгі туризмнің барлық оң және теріс жақтары, оның ұлттық экономикаға тигізетін әсері, интернационалды даму, экотуризм мәселелері көтерілген кіріспе дәрістің тақырыбы «Туризмнің негізгі формалары» болды. Өз сөзінде лектор Германиядағы туризмнің дамуын сөз етіп, замануи туристтік трендтерге тоқталды. Сонымен қатар Герд мырза университетке әлемде танымал болған «AMADEUS» жүйесін енгізуді және осы платформада жұмыс істеуге студенттерді үйретуге шақырды. «AMADEUS» жүйесі әлем бойынша авиабилеттер, қонақ үй нөмірлерін компьютерлік броньдау, көліктерді жалға алуға көмектеседі.

Лекция соңында Герд Риттхалер әр өтілген тақырып, келесі дәрістер аясында толықтырылып отыратынын атап кетті.

«Студенттердің білім жетілдіруде бұндай семинарлардың берері көп.шетелдік спикерлермен пікір алмасып, алған білімдерін тәжірибеде қолдануға мүмкіндіктері бар» — деп ойымен бөлісті «Зере тур» ЖШС-нің бас директоры Ботакөз Крамбаева.

Семинар 2018 жылдың 18 қазанына дейн созылатын болады.