Суббота, Июль 20, 2019
Басты > Жаңалықтар > «Жұбановтану» ҒЗО-да Өтежантану дәрісі өтті

«Жұбановтану» ҒЗО-да Өтежантану дәрісі өтті

Ақын Ө.Нұрғалиев «Афина мектебі» атты жыр жинағында көне грек ойшылдарының философиялық тұжырымдарын поэтикалық тілмен зерлеп, кең тыныспен жырлап шыққан.

Автор жыр жинағының соңғы нүктесін:
…Адам деген — дүниенің бір қонағы,
Үзілмесін аспандағы жұлдызыңның жолағы», — деп қойған екен.
Өткір тілді, өр рухты ақынның өзі өмірден өтсе де, жұлдызы сөнген жоқ. Сөзіміздің бір дəлелі, ақын мұрасын тануға ұмтылған  студент жастарға бағыт берген Қ.Жұбанов ат.АӨМУ-інде жүргізіліп жатқан іс-шаралар жиынтығын атауға болады. Ұлтыңды сүю, елге қызмет ету — ең алдымен, туған жерден түлеп ұшқан таланттарға тағзым етіп,  мұрасын насихаттау, оны болашаққа аманаттап апарумен байланысты болса керек.
Өтежан жұтқан саф ауа мен ақын өсіп-өнген топырақтан нəр алған жас толқынның арасы бүгінде Алтын көпірмен астасып жатыр. Бұл Алтын көпір — біздің Жұбанов ордасы.


Филология факультетінің профессор-оқытушылар құрамы студенттерге «Өтежантану» дəріс сағаттарын жүргізуде. Сондай сындарлы сағаттың бір парасы бүгін «Жұбановтану» ҒЗО-да өткізілді.  Дəріс сағатынан соң»Ең жаманы — дүние емес, ой кедейлік, мұқтаждық…» деп жырлаған Өтежан Нұрғалиевтің ақындық тұмасынан қуат алған білім алушылар «өтежантану» ғылымына өзіндік үлес қосу мақсатын көңілге түйіп тарасты.

 

Әлия Ұлықпанова

«Жұбановтану» ҒЗО меңгерушісі