Среда, Апрель 24, 2024
Басты > Жаңалықтар > Құттықтаймыз!

Құттықтаймыз!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен «Жаратылыстану» факультеті «Экология» кафедрасының доценті, б.ғ.к. Ерболат Хамзаұлы Мендыбаев «Экология» мамандығы бойынша профессор ғылыми атағын алды. Бар өмірін шәкірттерін білім нәрімен сусындатып жүрген Ерболат Хамзаұлының бүгінде ерен еңбектері еленіп, жоғары мәртебеге ие болуда. Жаратылыстану факультеті ұжымы атынан ғылыми атағыңызбен Сізді құттықтай отыра, білім мен ғылым жолыңыздағы еңбектеріңізге табыс, деніңізге саулық, жұмысыңызға шығармашылық табыс, отбасыңызға бақ-береке мен ырыс-дәулет тілейміз!