Вторник, Апрель 23, 2024
Басты > Жастар саясаты > Жұбанов университетінде кино кеші өтті

Жұбанов университетінде кино кеші өтті

Жұбанов университетінің Start-up Academy-сы ұйымдастырған бұл шарада көрермендер назарына «Әлеуметтік желі» фильмі ұсынылды. Фильмде 2004 жылы әлемдегі ең ірі «Facebook» әлеуметтік желісінің пайда болуы бейнеленген.

Кәсіпкерлікті дамыту және инновациялар орталығының директоры Әсел Шетиеваның айтуынша, көрермен назарына дәл осы фильмді ұсынудың да өзіндік себебі бар. «Бұл фильмнің басты кейіпкері – студент сайт жасау идеясын шындыққа айналдырып, мультимилиардерге айналады. Біздің Start-up Academy-мыз студенттеріміздің ерекше бизнес-идеяларын қолдауға әрдайым дайын», — деді ол.

Айта кететін жайт, «Әлеуметтік желі» фильмі «Золотой глобус» сыйлығының 6 номинациясы бойынша бағын сынап, «Ең үздік драммалық фильм», «Ең үздік режиссура», «Ең үздік сценарий» және «Ең үздік музыка» номинациялары бойынша жнңіске жетті. Сондай-ақ 2011 жылғы «Оскар» сыйлығының 8 номинациясы бойынша сынға түсті.

Фильм аяқталған соң студенттер арасында Инстаграмм желісіндегі хэштегтер бойынша 3 сыйлық ойнатылды. Осылайша Серікбай Бисекеевтің «Сделай себя сам» кітабына физика-математика факультетінің 1-курс студенті Мұрат Сұлтан ие болды. Жаратылыстану факультетінің 2-курс студенті Жәмила Нұрғалиева мен физика-математика факультетінің 4-курс студенті Нұрлан Құдайберген жас миллионер Аяз Шабутдиновтың «Концентрат 24.0» атты екікүндік бизнес-тренингінің билеттерін жеңіп алды. Ал жаратылыстану факультетінің 1-курс студенті Зарина Тимуроваға кинофильмге екі билет бұйырды.

Аудармашы: Ажар Кунарова